Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрылыста қарқын бар

Құрылыста қарқын бар




Ақиық ақын Әбділда Тәжібаев Сыр елі хақында аз қалам тербеген жоқ. Бір ғана «Сырдария» өлеңінің өзі Алаш анасының ұлылығы мен мәрттігін, қасиеті мен қадірін паш етіп, әр буынына бүтін болмысын сыйғызып тұрған жоқ па? Ал жазушы Оразбек Сәрсенбаев Шиеліні Швейцарияға теңеп, киелі мекеннің беделін асқақтатып жіберген еді. Қос ақынның туған жер жайлы теңеулері ұйқас қуып, сөз таппай айтылды деп ойламаймыз. Бәлки, алашқа ортақ азаматтардың көрегендігі, болашақты бағамдай білгендігі болар деп білеміз. Шиеліні республикада өзіндік орны мен беделі бар мекен десек, ешкім асылық айттың деп сөкпес. Дегенмен, осынау тоқсан жылдық ғұмырында қазақ елінің еңсе тіктеп, бой түзеуіне қосқан үлесі сұрапыл екендігі баршаға белгілі. Әлгінде Орекеңнің туған жерін Швейцарияға теңегендігін айтып қалдыққой. Сол теңеу күн артына күн тастап, біздің заманымызда ақиқатқа айналып келе жатқандай. Сөзіміз жалаң болмас үшін, әңгімемізді осы тұстан үзіп, әрмен қарай аудандағы қарқынды жүріп жатқан құрылысқа, кенттің көркін кіргізер архитектуралық жұмыстарға, инженерлік инфрақұрылым тартылған аймақтарға аз-кем тоқталып өткенді жөн санадық.
Билғы жылдың басты жаңалығы Көкшоқыдан үш қабатты
18 пәтерлі тұрғын үй құрылысының іргетасы қаланатын болды. Оған облыстық бюджеттен 122 750,0 мың теңге қаржы қаралып, бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, бас мердігер «СМП-Қызылорда» ЖШС-мен келісім шарт жасалды. Аталған серіктестік жақын күндері құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр. Бұйырса тұғын үй құрылысы 2020 жылға дейін толық аяқталып, ел игілігіне беріледі деп күтілуде.

«Нұрлы жер» жұмысы нақты
Ал аудандағы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар да көңіл қуантарлықтай. Мәселен, Шұғыла-2, Шұғыла-3, Шығыс-4 мөлтек аудандарының электрмен жабдықтау инженерлік инфрақұрылым құрылысы жұмысына республикалық, облыстық бюджеттен қаржы қаралып құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Нысан ағымдағы жылы толығымен пайдалануға берілмек. Осы мөлтек аудандарды су, тас жолмен жабдықтау жұмысына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, бүгінде бас мердігерлер жұмыстарын істеп жатыр.

Ауыз су
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында біткен шаруалар да жеткілікті. Атап айтар болсақ, Тартоғай, Сұлутөбе, Бірлестік, 1 май, Ботабай елді мекендерін сумен қамту жүйелерінің және бас су қоймаларының құрылысына республикалық, облыстық бюджеттен қаржы қаралып, қазір аталған ауылдарға ауыз су құбырлары тартылып жатыр.
Түйін: Аталған құрылыс нысандарының қайсысы болсын аудан тұрғындарына ауадай қажет екендігі белгілі. Осы орайда, облыстық құрылыс сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы Тартоғай ауылында мәдениет үйінің құрылысымен қатар, аудан орталығында 150 орындық аурухана құрылысы жұмыстары жүріп жатқанын да сүйіншілегіміз келеді. Бас мердігер «СМП-Қызылорда» ЖШС-ның сөзіне сүйенсек ағымдағы жылдың желтоқсан айында аурухана құрылысы толық аяқталып, қолданысқа берілмек.

Әбді Рахман.
15 мамыр 2019 ж. 1 047 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930