Су – тіршіліктің өзегі
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету де күн тәртібінде тұрған өзекті мәселенің бірі. Себебі, су – барлық тіршіліктің көзі. Адам баласы үшін де, жан-жануармен өсімдікке де ауадай қажеттілігі бар суды ешқандай затпен алмастыра алмайсыз. Судың қадірін сол салада қызмет жасап, жаны ашитын біздер түсінеміз. Тамшы суға әзер қол жеткізген жандар түсінеді.
Алайда, ауыз суға жасалған ысырапқа жиі кезігіп жатамыз. Мысалы, ащы суды жануар да ішпейді. Ал, тұщы судың көлемі есептеулі. Соған қарамастан ауыз суды есік алды, бау-бақша суғаруға және көшенің шаңын басу үшін шашып жүргенін көз көріп, құлақ естіп жатады. Ал, оның зияны өзге тұтынушыларға тиіп, шүмегінен су ақпай зәбір көреді. Жаз айларында су тапшылығы болуының себебі де осы. Одан қалды, су ақысын төлеуден жалтарып, есік қаққанда ашпайтын тұтынушыларға да тап боламыз. Бүгінде аудан бойынша халыққа беріліп отыратын ауыз судың 1³-30 теңге. Енді байыптап қарайтын болсақ, жарық пен газдың ақшасын уақытылы төлемесеңіз, сол күні сымын қиып, газды ажырататыны белгілі. Ал, аудандық Жиделі топтық су құбыры мекемесінің басшысы А.Сәрсенбаев: «халыққа қиындық тудырмаңдар, сабырлық сақтап, алдымен ескертіңдер» – деп, түсіністік танытады.
Жақсының жақсылығын ескеріп, судың да сұрауы барын ескергеніміз жөн шығар. Қазіргі таңда аудандағы елді мекендер мен кент ішілік 17 су айдау насос станциялары мүлтіксіз жұмыс істеп тұр. Қақаған қыста да, аптап ыстықта да су құбырын жөндеп, суға малынған қызметкерлердің еңбегін елеусіз қалдырғанымыз да жарамас. Слесарь Ғ.Әбенов, Ш.Шарипов, Қ.Баймағанбетов, оператор Р.Арыстанов, Ж.Әбеков, С.Баймұратов сынды қызметкерлердің еңбегінен бөлек, абонент қызметкерлері Л.Закирова, М.Надырбаева, С.Маматовалар таңнан қара кешке дейін ауыл аралап, су ақысын жинап жүруге мәжбүр. Барлық тұтынушылар құрметпен қарап, қол ұшын
созса деген өзіндік толғанысымды халыққа жеткізсем, көпшілікке ой салар деген үміттемін.
С.Қасқабаев,
Шиелі «Жиделі топтық су құбыры»
мекемесінің жұмысшысы.