Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтайық

Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтайық



Су – тіршілік көзі. ол болмаса адамзаттың өмір сүруі мүмкін емес. Сонымен қатар, ата-бабаларымыздың от пен су – тілсіз жау деген ескертулерін есімізден шығармауымыз керек. ҚР ІІМ-нің төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімдерімен жергілікті жерлерде судағы қауіпсіздікті сақтау, арнайы суға түсуге белгіленбеген орындарда суға түспеу, ата-аналардың жаз маусымында балаларын қадағалаусыз қалдырмау жөніндегі жүргізіліп жатқан ескертпе, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатқанымен облыс, республика бойынша жыл сайынғы көрсеткіштерге қарасақ адамдардың жазғы суға түсу маусымында қаза болу оқиғалары азаяр емес.
Шиелі ауданының аумағында 2017 жылдың жазғы суға түсу маусымында, аудан көлеміндегі су айдындарында 2 адам суда қаза болды. Аталған 2 жағдай Бәйгеқұм ауылындағы «Ханқожа» көлінде орын алып отыр.
Бұл азаматтардың қайғылы оқиғаға ұшырауының басты себебі тыйым салынған және қауіпті жерлерде суға шомылған. Суға шомылу кезінде қауіпсіздік қағидаларын сақтамаған. Ата-аналар балаларға абай болулары керек. Балалардың қай жерде не істеп жүргенін әрдайым бақылауда ұстау керек. Қазіргі таңда көптеген көл-тоғандар шаруа қожалықтарға ұзақ мерзімге жалға берілген. Осы шаруа қожалықтардың төрағалары өздеріне бекітілген су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігін сақтап, қауіп-қатерлердің алдын алулары шарт.
Егерде суға шомылуға барсаңыздар төмендегі қауіпсіздік ережелерін есте ұстаңыздар:
– суға ауаның температурасы 25, судың температурасы 20 градус болғанда ғана шомыл;
– тек арнайы жағажайларда ғана шомыл;
– суға жайлап түс, таяздау жерге барғанда тоқтап, басыңды суға сүңгітіп ал;
– судан әлсін-әлсін шығып демал;
– қалтырап тоңғанша суда жүріп алма;
– қол-аяқ тырысқанда үрейленбей, су бетінде болуға тырыс, айқайлап көмек сұра;
– судың қатты ағынына тап болғанда, ағынға қарсы жүзбей, ағыс бойынша малып жағаға қарай жүзуге тырыс;
– су иіріміне тап болғанда, саспай
ауаны ішке көбірек жұтып алып, суға сүңгі де ағын бағытына қарай қатты секіріп, судың бетіне шық;
– арақ-шарап ішіп, суға түсуге қатаң тыйым салынады;
– егер шаршасаң дереу судан шық;
– бейтаныс жерден суға секірме;
– терлеп тұрғанда және қараңғы уақытта суға шомылуға болмайды;
– суға шомылғанда автокамераны,
допты, тақтайларды пайдалануға болмайды.

Ш.Шеразов,
аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері,
азаматтық қорғау
аға лейтенанты.
16 мамыр 2018 ж. 4 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930