Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БАЛА ЫДЫСТАҒЫ СУҒА ТҰНШЫҒЫП ҚАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БАЛА ЫДЫСТАҒЫ СУҒА ТҰНШЫҒЫП ҚАЛДЫ


Өткен тәулікте елімізде екі қайғылы жағдай болып, салдарынан балалар көз жұмды.
 Екі жағдай да балалардың қараусыз қалуынан болған.

ҚР ІІМ ТЖК мəліметінше, бірінші оқиға Атырау облысында тіркелген. 29 сәуір күні сағат 18.10-да Ширина ауылы, Орал өзенінде ата-анасының қарауынсыз қалған 2008 жылғы ұл бала абайсызда пирстен құлап, суға батып кетеді. Баланың денесін жергілікті тұрғындар алып шыққан.
«Тағы бір қайғылы жағдай Қызылорда облысында тіркелген. Ол тұрмыстық жағдаймен байланысты. 29 сәуірде сағат 15.30-да Арал ауданы, Арал қаласында жеке тұрғын үйде ата-анасының қарауынсыз қалған 2017 жылғы қыз суға толы 50 литрлік алюминий кастрөлге құлап, тұншығып қалған. Қыздың денесін ата-анасы алып шықты», – деп хабарлады Төтенше жағдай комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

 
Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ
Baq.kz 
30 сәуір 2018 ж. 1 672 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031