ҚХП Тоқаевқа хат жолдады
Қазақстан Халық партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдады.
Құжатта ҚХП депутаттары ел өңірі тұрғындарының ауыз суға қол жеткіще алмай отырғанына қатысты мәселені баяндап, Президенттен облыс әкімдеріне проблеманы шешуді жеделдетуді, сондай-ақ мемлекеттік бағдарлама арқылы халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған қаражаттың жұмсалу тиімділігін тексеруді тапсыруды сұрады.
Үндеуде депутаттар сумен қамтамасыз ету мәселесін тиімді шешуге көмектесетін бірқатар шара ұсынды. Атап айтқанда, тәуелсіз сарапшылар мен тұрғындарды жұмылдырып, қолданыстағы су құбырларының жағдайын бағалау жүргізу сонымен қатар сумен жабдықтау жиілігі мен сумен жабдықтау қызметінің құнын есептеу керек.
Хатта орталықтандырылған сумен жабдықталмаған ауылдардағы судың сапасы мен көзін анықтауды ескере отырып, су тартқыш салу қажеттілігі атап өтілді.
Депутаттар әрбір өңірде сумен жабдықтау мәселесін шешу үшін нақты мерзім белгілеу, жауапты лауазымды тұлға тағайындау, сондай-ақ шараның орындалуына қатаң қоғамдық бақылау енгізу маңызды деп санайды.
Айқын Қоңыровтың сөзінше, жергілікті жердегі кейбір әкімдер ауыз су мәселесі туралы тіс жармауға тырысады.
«Біздің Қызыл Автобусымыз ауылдарды аралап жүргенде, адамдарды мәселені сыртқа шығармауға үгіттеген. Кейбір елдімекендерде адамдарға бізге шағымданса, мүлдем сусыз қалдыратындарын айтқан. Бұл адамдар жылдар бойы сусыз отырады. Суды арықтан алады. Алайда есептерде біз мүлдем басқа сандарды көреміз», – деді Айқын Қоңыров.
2021 жылдың басында орталықтандырылған сумен 97,5% -ға дейін қала (10,7 млн.адам) және 90,1% -ға дейін ауыл (7,0 млн. адам) халқы қамтамасыз етілгені ресми мәлімделді.
А. Қоңыровтың пікірінше, бұл сандар күмән туғызады. Ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз етудің мақсатты мемлекеттік бағдарламалары бойынша 592 миллиард теңге жұмсалғанына қарамастан, адамдар шіріген су құбырларын пайдалануға немесе құдықтардан, бұлақтардан, арықтардан су алуға мәжбүр. Кейбір ауылдарда суды тасымалдап немесе сатып алып ішеді. Судың сапасы санитарлық нормаға сай емес.
«Мәселенің ауқымын көру үшін біз карта жасадық (https://qhp.kz/suqaida ). Картаны біздің партияның сайтынан көруге болады. Соңғы бірнеше аптада бізге 194 елдімекеннен 310 шағым келіп түсті. Біз барлық ақпаратты картаға түсірдік. Бұл жұмыс жалғаса береді. Облыс әкімдері мен Үкімет мүшелері картаны ашып қарайды деп үміттенеміз», – деді А.Қоңыров.
Хат арқылы депутаттар Президенттен мемлекеттік бағдарлама бойынша су проблемасын шешуге бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын тексеруге бастамашы болуды сұрады. Бағалауды халық арасында жүргізілген сауалнаманы ескере отырып, қоғамдық бақылау шеңберінде тәуелсіз сарапшылар атқаруы керек.
Бұл ретте қоғамдық бақылау қабылданған шараның күші қолданылатын жекелеген жобалар мен елдімекендердегі жұмсалған қаражатты бөлу жөніндегі материалдарға қол жеткізуге тиіс.
«Кейбір ауылдарда жаңа су құбырлары жүргізілген, бірақ мәселе ушығып кеткен. Адамдар мұндай жаңғыртуға риза емес. Неге бұлай болады? Әр фактіні жеке-жеке қарастыру қажет», – деді А.Қоңыров.
ҚХП депутаттары ауыз су тапшылығы әлеуметтік шиеленісті күшейтіп, жұқпалы ауруларды өршітетінін және халықтың үдере көшуіне ықпал ететінін атап өтті.
«Қызыл Автобус» мемлекет естуге тиіс азаматтардың мәселесін шешу үшін өңірдегі жағдайды бақылауда ұстауын жалғастыра береді», – деді Айқын Қоңыров.
ҚХП баспасөз қызметі