Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көшербаев Қызылорда қаласындағы ыстық су мәселесі қашан шешілетінін айтты

Көшербаев Қызылорда қаласындағы ыстық су мәселесі қашан шешілетінін айтты


Қызылорда қаласын ыстық сумен қамтамасыз ететін жобаны әзірледік. Оған қаржы бөлетін инвестор бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Қызылорданы ыстық сумен қамтамасыз ететін жобаны әзірледік. Оған қаржы бөлетін инвестор бар. Осы орайда біз шаһардағы жылу электр станциясын модернизациядан өткізуді көздейтін жобаны қолға алдық. Сондай-ақ жаңа жылу электр станциясының құрылысын бастаймыз. Ол қаланы ыстық сумен қамтамасыз ету мәселесін әрі тұрғын үйлерге жылу беру мәселесін шешеді», - деп түйіндеді сөзін облыс әкімі.
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ФБ ПАРАҚШАСЫНАН 
22 мамыр 2018 ж. 1 142 0