Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында екі күн электр станциясы салынады

Қызылорда облысында екі күн электр станциясы салынады


Таяу  уақытта  Қызылорда облысында  екі күн электр станциясы салынады. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыс активінің жиналысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Инвестор «Байқоңыр Солар» серіктестігі Сұлутөбе мен Бірқазан елді мекендерінің аралығында қуаттылығы 50 МВт күн электр станциясының құрылысын салуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта экономикалық негіздемесі әзірленуде. Сонымен қатар, Жалағаш ауданында қуаттылығы 30 МВт күн электр станциясының құрылысын салу жоспарда бар. Станцияның құрылыс жұмыстарына инвестор «Номад Солар» серіктестігі ниет білдіріп отыр. Аталған іс-шараларды іске асыру өңірдің экономикалық дамуына, сондай-ақ, «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасында қарастырылған мақсаттарға жетуге оң ықпалын тигізеді.
inform.kz
28 қаңтар 2018 ж. 2 515 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (9376)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (9375)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (9374)

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728