Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрбан айт кезіндегі санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптары

Құрбан айт кезіндегі санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптары

Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында аудан тұрғындарының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету, аса қауіпті жұқпалы аурулардың, жаппай тамақтан уланудың және жіті ішек инфекцияларының алдын алу мақсатында Шиелі аудандық  санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы келесі талаптардың  сақталу қажеттігін еске салады.
Мал сату, сою бекеттерінде:
құрбандыққа шалынатын малдарды сату мен сою арнайы орындарда жүргізілуі керек және тиісті ветеринарлық құжаттары болған жағдайда ғана рұқсат етіледі;
сою орындарының іргелес аумағының санитарлық тазалығы, абаттандырылуы маңызды;
мал сою кезінде жиналған қалдық-қоқыстар уақытылы шығарылуы керек, сол үшін жинауға арналған контейнерлер орнатылады, сумен қамтамасыз етіледі, персонал мен келушілерге арналған құрал-саймандар санитариялық өңделіп, дезинфекциялау және қол жуу құрылғысымен жарақтандыру қарастырылуы тиіс;
қасапшылар арнайы киіммен (алжапқыш, қолғап, бас киім, резеңке етік) және жеке гигиеналық заттармен қамтамасыз етілуі керек;
етті сақтауға арналған тоңазытқыштар қарастырылады;
қызметкерлерде медициналық кітапшалардың болуы, жеке бас гигиенасын қатаң сақтауы міндетті;
етті бөлшектеу, сақтау, тасымалдау және  тұрғындарға тарату кезінде де саниатриялық-гигиеналық талаптардың сақталуы қатаң қадағалануы керек.
Құрбан айт мерекесінде мешіттердің асханаларында, қоғамдық тамақтану орындарында ас беру, бас қосу жиындары өткізіледі. Сондықтан жабық үй-жайларда, адамдар көп шоғырланатын орындарда бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде желдету, ауа баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етілуі қажет. Жаз мезгілінде азық-түлік өнімдерінің тез бұзылуын ескере отырып, тағамдарды дайындау технологияларын қатаң орындап, оларды сақтау мерзімдерін ескеру маңызды. Тамақтану объектілерінің қызметкерлерінде медициналық тексеруден өткендігін растайтын құжаттары, медициналық кітапшалары болуы керек, тамақ дайындауды, таратуды жүзеге асыратын жұмыскерлер денесінің ашық жерлерінде  іріңді  жаралар, қолында  ұсақ  жарақаттар  анықталған  жағдайда оларды ас дайындауға араластымау қажет, сол үшін күн сайын жұмыс ауысымы басталар алдында персоналды медициналық қарап-тексеруден өткізу маңызды. Бұл тек Құрбан айт мерекесінде емес, жалпы қабылданған санитариялық-гигиеналық талаптар болып табылады.
 Естеріңізге сала кетейік, жоғарыда аталған санитариялық-эпидемиологиялық қағидаларды сақтамау халық арасында тамақтан улану және аса қауіпті, жіті ішек инфекциясы жағдайларының туындауына ықпал етуі мүмкін.  Құрбан айт мерекесі құтты болсын !  Өзіңіздің және жақындарыңыздың  денсаулығын  қорғаңыз ! Құрбан айт қауіпсіз өтсін.
Шиелі  аудандық  санитариялық –эпидемиологиялық  бақылау басқармасы  басшысы  Г.Айтекеева
03 маусым 2025 ж. 56 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30