Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТЫРЫСҚАҚТАН САҚТАНЫҢЫЗ

ТЫРЫСҚАҚТАН САҚТАНЫҢЫЗ

Қазақстан Республикасының аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және елге тырысқақтың әкелінуінің және одан әрі таралуының алдын алу мақсатында Санитариялық-эпидемиологиялық комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері (ғылыми орталықтар, департаменттер, обаға қарсы күрес станциялары) тырысқақтың және басқа да ішек инфекцияларының жұғу жолдары мен факторларын ескере отырып, тұрақты эпидемиологиялық бақылау жүргізеді.

Жыл сайын эпидемиялық маусымда сыртқы орта объектілеріне (өзен, су қоймалары, рекреация аймақтары) тұрақты бақылау жүргізіледі.
Жыл сайын ауыз судың 9 мыңға дейін, орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау суының 2 мыңға дейін сынамасы, ұйымдастырылған жаппай рекреациялық су пайдалану орындарындағы су (демалыс аймақтары, бассейндер, фонтандар, аквапарктер), сондай-ақ тырысқақ бойынша эпидемиологиялық мәні бар жерлердегі судың 6 мыңға дейін сынамасы зерттеледі.
Тырысқақ – адамнан адамға ауа тамшылары арқылы жұғатын жіті ішек жұқпалы ауруы. Тырысқақ басқа жіті ішек жұқпаларынан клиникалық ағымының ауырлығымен, жоғары өлім-жітімімен және салыстырмалы түрде қысқа мерзімде ауқымды аумақтарға таралып, халықтың көпшілігіне жұқтыру мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Тырысқақтың жасырын кезеңі (науқас жұқтырған сәттен бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін) 1-ден 5 күнге дейін, көбінесе 2-3 күнге созылады.
Тырысқаққа күдік тудыруға негіз болатын келесі белгілер: қызба (температура – 37оС және одан жоғары), жүрек айну, іш өту, құсу, бас ауруы, сонымен бірге тырысқақ бойынша қолайсыз елдерден әкелінуін ескеру қажет.
Тырысқақтың алдын алу шаралары мынадай:
- жеке гигиена шараларын сақтаңыз: тамақ ішер, тамақ дайындар алдында, әжетханаға барғаннан кейін қолыңызды мұқият жуыңыз;
- қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішіңіз;
- ұйымдастырылған демалысқа рұқсат етілген су айдындарында шомылыңыз;
- теңіздің, мұхиттың және басқа да су объектілерінің шикі және жеткіліксіз пісірілген өнімдерін пайдаланбаңыз;
- азық-түлік, жеміс-жидек пен көкөністі рұқсат етілген сауда орындарынан сатып алыңыз;
- жемістер мен көкөністерді қайнатылған немесе бөтелкедегі сумен мұқият жуыңыз.
- сапарға шыққанда немесе сапардан келгеннен кейін денсаулық нашарлаған жағдайда міндетті түрде дәрігерге жүгіну керек.
Асқынулары:
Гиповолемиялық шок
Жедел бүйрек жеткіліксіздігі: олигурия, анурия
ОЖЖ қызметінің бұзылуы: құрысулар, кома
Тырысқақ ауруының белгілері (жүрек айну, құсу, сұйық нәжіс, бас ауруы, бас айналу) пайда болған жағдайда дереу дәрігерге жүгіну қажет. Медициналық көмекке ерте жүгіну тырысқақты тиімді емдеуді дер кезінде жүргізуге және қолайсыз нәтиженің алдын алуға мүмкіндік береді.

"Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы КМК
Жалпы тәжірибелік дәрігер: Жабарбекова Мария Асанбекқызы
09 сәуір 2024 ж. 140 0