Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Сыр ұланы» тынығу лагері

«Сыр ұланы» тынығу лагері

«Сыр ұланы» тынығу лагері - Шиелі кентінде орналасқан балалардың тынығуы үшін ашылған сауықтыру орны. Тынығу лагердің жобалық сиымдылығы 100 баланы құрайды. Биыл, яғни 2022 жылдың жаз маусымында жоспарланған сауықтырылатын 700 бала/ 7 ауысымда, әр ауысым ұзақтығы 10 күннен демалады. Қазіргі таңда IV-ауысым өтіп жатыр. Әр ауысым сайын Басқарма мамандары лагерь қызметкерлеріне «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ 23.05.2018 жылғы №146 бұйрығын және «Тағамнан уланудың алдын алу», «Жедел ішек ауруларының алдын алу» тақырыптарында семинар сабақтары ұйымдастырылып, санитариялық ағарту жұмыстары жүргізіліп, Басқарманың «Facebook» әлеуметтік желісіне (Шиелі аудандық СЭБ Басқармасы) салынуда. Әр ауысым балалар арасында іш ауруы, тамақтан улану жағдайы тіркелмей аяқталуда.
ҚР ҰЭМ 16.06.2016ж. №239 «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары талаптары бойынша зертханалық зерттеулерге: Тамақ құнарлығына- 9/0; Тағам үлгілеріне- 6/0; Ауыз су үлгілері- 4/0; Дезинфекциялық заттардың сынамаларына- 2/0; Ішек таяқшасы тобындағы бактериялар бойынша зерттелген жағындылар-60/5 зерттеуге алынып, Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан мониторинг жүргізіліп, қадағалануда.
«Бала — көңілдің гүлі, көздің нұры»- демекші жеткіншек жас ұрпақ балаларымыздың жазғы демалысы көңілді әрі қауіпсіз өтуіне тілекшіміз.

Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының
бас маманы Нұржанова Шәрікүл Мизамқызы
15 шілде 2022 ж. 725 0