Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Сыр ұланы» лагерінің есігі ашық

«Сыр ұланы» лагерінің есігі ашық



Жаз – балалардың асыға күтетін сан бояулы мезгілі. Айналамыздың қызыл-жасыл гүлдермен кестелі кілемдей құлпырып, көбелектердің қосарлана билеуі, ағаш жапырақтарының тау беткейінен соққан ақ самалмен жайқалып тұруының барлығы жаздың сәнін арттырады. Оқушылардың жаздық демалысқа шығуының өзі бір мереке.
Осындай тамылжыған жаздың жайдары бір күнінде «Сыр ұланы» тынығу лагерінде «Бақытты балалық шақ» атты биылғы маусымның ашылу салтанаты өтті. Аталған маусымда балалардың 4 тобы бар. Мерекелік кеште аудан әкімі Ә.Оразбекұлы құрметті қонақ болып, демалушы балалардың қолдан жасаған, ойлап тапқан туындыларымен танысып, үстел теннисін де ойнады. Би билеп, ән шырқап өнерлерін ортаға салған балаларға жақсы демалыс тілеген аудан әкімі келесі оқу жылына күш жинап, жан-жақты дамуға ұмтылуға шақырды.
Тынығу лагерінде биыл 1 маусым мен 26 тамыз аралығында 700 бала демалатын болады. Балалар спорттық ойындар ойнап, бассейнге суға түсіп, 10 күн ішінде ой дамытатын түрлі танымдық дүниелерді меңгереді. Сонда танысқан жаңа достарымен тарихи орындарға саяхатқа да шығады.


Назерке Серәліқызы.
07 маусым 2019 ж. 2 046 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031