Лагерь маусымы аяқталды

– Лагерь жалпы 7 ауысым бойынша жұмыс істеді. Әрбір ауысымда 100 бала болды. Мұндағы ұжым демалуға келген тынығушының қуанышты сезіммен үйіне оралуына себепкер болып, жазғы демалысын қызықты өткізіп, өз жұмысын жақсы атқарды деген ойдамыз. Жылдағы дәстүр бойынша, лагерь келесі жылы өз жалғасын тауып, жағымды жаңалықтарымен қуантатын болады, – деп мерекелік кешті ашып берді.
Айта кету керек, «Сыр ұланы» лагері 1999 жылдан бері Көкшоқы елді мекенінен орын теуіп, жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар Шиелі аудандық оқушылар үйінен «Көркем сурет», «Киімді модельдеу және дизайн», «Жас шахматшылар», «Халық биі», «Тенис», «Робототехника» үйірмелері лагерь ұжымымен бірлесіп қызмет атқарған.
Мерекелік жиында лагерь оқушыларының атынан құлақ құрышын қандырар әуезді ән шырқап, мың бұралған қимылымен таң-тамаша би билеп, позитивке толы көрініс қойды. Лагерь балалардың жүрегіне жылулық, қуаныш, ізгілік, махаббат, сүйіспеншілік сыйлай білгенімен қоса, естен кетпес өте мағыналы естелік қалдырды. Осылайша лагердің жабылу салтанаты жоғары деңгейде аталып өтті.
Фариза
КЕНЖЕШОВА