Балалардың сауықтыру ұйымдарын жаз маусымына дайындау

Балаларды сауықтыруғаарналған жазғы демалыс мекемелерінің жұмысын бастамас бұрын олардың санитариялық –эпидемиологиялық жағдайын қалыпқа келтіру шаралары жүргізілуі тиіс. Ол үшін материалдық- техникалық базаны жақсарту, технологиялық және мұздатқышқондырғыларының дұрыстығы , жұқпалы ішек аурулары мен тамақтан уланудың алдын алу жұмыстарын жүргізу қажет.
Аталғаніс-шаралардың орындалуы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің м.а. 2022жылғы 10 тамыздағы «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатынсанитариялық –эпидемиологиялық талаптар» № 78 бұйрығының санитариялыққадиғалары негізінде жүргізіледі. Санитариялық қызмет тарапынанжазғы сауықтыру маусымына дайындық кезеңі, яғнибалалардың толық құнды, құнарлы және қауіпсіз тамақтануы, дене тәрбиесі мен олардыңшынығуына жағдай жасалынуыменқатар, лагерь қызметкерлерінің гигиеналық дайындықтары мен алдын ала медициналықтексеруден өтуі де бақылауға алынып, қатаң қадағаланады. Барлық сауықтыру ұйымдары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың талаптары – санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес келуге тиіс. Сауықтыру ұйымдары үшін осы талаптарды сақтау міндетті болып табылады.
Сауықтыру барысындабалалардың денсаулығын нығайтуменқатар ішек инфекцияларының, ботулизмнің және жаппай тамақтан уланудың алдын алу мақсатында келесісанитариялық талаптар қойылады:
- мәзір жасау кезінде өңірде шығарылатын отандық өнімдер ассортименті ескеріледі;
- балалардың тиімді сауықтыру мақсатындасалқындатылған сусындарды ( компот, кисель) « С » витаминімен жасанды витаминдеу жүргізіледі;
- жазғы лагерь асханасындадайындауға рұқсат етілмейтін тағамдаррұқсат етілмейді;
Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы балалардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету мақсатында дайындық кезеңінде жазғы демалысты ұйымдастырумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға мыналарды қамтамасыз етуді ұсынады:
– ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;
– кеміргіштерге, жәндіктерге қарсы өңдеу мен аумақты тазарту және абаттандыру;
– желдету және ауаны баптау жүйелерін қоса алғанда, инженерлік желілердің жұмыс істеу тиімділігін тексеру;
– төсек-орын, ыдыс-аяқ, асхана жабдықтары мен мүкәммалдың жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз ету ;
– персоналды оқыту;
– маусым ашылғанға дейін объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу.
Жазғы сауықтыру ұйымдарының негізгі міндеті – балалардың қауіпсіз демалуын және сауықтыруын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылуы ұдайы бақылауда болуы тиіс.
Балаларыңызғасәтті демалыс тілейміз.
Г.Айтекеева
Шиелі аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасыбасшысы