Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиеліде балалардың жазғы демалысы көңілді өтпек

Шиеліде балалардың жазғы демалысы көңілді өтпек




Он шақты күннен соң тағы бір оқу жылы аяқталып, оқушылар асыға күткен жазғы демалысқа шықпақ. Себебі жаз – балалардың толыққанды демалып, денсаулықтарын нығайтып жаңа оқу жылын тың күшпен ­ бастаулары үшін қолайлы уақыт. Әрбір бала жанға жайлы демалысты қызықты өткізуді армандайды.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру – білім саласы үшін де маңызды мәселе. Тоғыз ай бойы мектепте оқып, жазғы демалысқа асыға жеткен оқушылардың жақсы демалуына жағдай жасау алдын ала әзірленеді, іс-шара жоспары бекітіледі. Әсіресе, денсаулықты нығайтуға, шығармашылық, танымдық қабілетті арттыруға басымдық беріледі.

Соған сәйкес биыл аудандағы 18 мыңға жуық бала жазғы демалыспен және саяхатпен қамтылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ ата-аналар есебінен 100 оқушы, ауыл, кент әкімдерінің ұйымдастыруымен 130, мәслихат депутаттары есебінен 50, мекемелер демеушілігімен, салалық кәсіподақтар тарапынан 250, басқа да көздерден 303 бала, жалпы 833 оқушы жазғы кезеңде демалады. Одан бөлек мектеп жанынан тамақсыз ұйымдастырылатын 38 лагерьге 3788 баланы, 11 мектепте бір мезгіл тамақпен ұйымдастырылатын лагерлерде 910 баланы демалдыру жоспарланған.

Сонымен қатар спорттық сауықтыру шараларына 100 бала, дебаттық лагерьге 80 бала, еңбек тынығу лагеріне 1309 бала, жалпы 8147 бала қамтылмақ.
 
Ал балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында экскурсиялар мен топтық жұмыстарға, көркейту-көгалдандыру топтарына, құрылыс және жөндеу, мектеп жанындағы аулалық клубтарға барлығы 9776 бала жұмылдырылады.

Одан бөлек жазғы каникул кезінде аудандық Оқушылар үйінде «3D-модельдеу», «Робототехника» және цифрлық зертханада арнайы «Жайдарлы жаз – 2023» атты бағдарлама ¬бойынша мыңға жуық оқушыны қамтитын үйірмелер жұмыс істейді.

Ауданға қарасты «Сыр ұланы» лагері де 5-ден аса баланы қабылдауға сақадай-сай тұр. Ол үшін жергілікті бюджеттен 15 341,0 мың теңге бөлінген. Ал Жаңақорған ауданындағы «Тау самалы» лагерінде шиелілік 147 бала демалады.

Балалар мен жасөспірімдерді тарихи өлкетанымдық мұражайларға бару және көрікті жерлерді аралату мақсатында 2100 бала Түркістан, Арыстан баб, Сауран, Қорқыт кесенесі т.б. тарихи жерлерге саяхаты ұйымдастырылады.

Білім бөлімінің басшысы Жібек Баймұратова оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. 

«Қазіргі таңда лагерь балаларына тамақтандыруды ұйымдастыру сапасына мониторинг жүргізу жөнінде аудандық білім бөлімі, амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасы және аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен ведомстрвоаралық комиссия құру жұмыстары жүргізілуде. Үстіміздегі жылдың 12 мамыры күні «Жазғы мезгілде балалардың қауіпсіздігін сақтау және түрлі төтенше жағдайлардың алдын алу» тақырыбында тиісті сала мамандарын қатыстыра отырып аудандық семинар өткізілді. Оған қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, аудандық полиция бөлімі ювеналды полиция тобының ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сыртқы және мектеп жанындағы ұйымдастырылатын лагерге жауапты мамандар қатыстырылды, – деді Жібек Баймұратова.

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз» деп ән салдырған көңілді жаз мезгілінде оқушылар демалысы осылайша жоғары деңгейде ұйымдастырылатын болады. Демалыс орындарында балалардың қауіпсіздігін сақтау білім бөлімінің бақылауына алынады. Ал басқа уақытта тілсіз жаудың құрбаны болмау үшін ата-аналар тарапынан қатаң бақылау қажет. Табиғат аясына демалысқа барғанда от, су қауіпсіздігі ережесін сақтап, арнайы жағажайда суға түскен жөн. «Сақтансаң – сақтайды» деген қағиданы ұстанып, қараусыз бала болмауы тиіс.
22 мамыр 2023 ж. 109 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031