Балалар жазғы лагерьге бара ма?
Жаз айлары – балалардың толыққанды демалып, денсаулығын нығайтуға, жаңа оқу жылын тың күшпен бастауларына қолайлы уақыт. Жаз маусымы басталысымен оқушылардың арманына арқау болатын демалыс орындары мен балалар лагерьлері өз жұмысын бастайды. Бірақ биылғы ахуал бұрынғыдан өзгерек.
Биыл әлемнің төрт бұрышын шарпыған пандемияның салдарынан оқушылар жазғы тынығу лагеріне бара алмайды. Жас-кәрі деп ажыратып жатпайтын жұқпалы дерттен толық айығып үлгермедік. Әр жерден қылтиып «коронавирус жұқтырды» деген ақпар қара көрсетіп жатқаны жасырын емес. Сондықтан адамның амандығын алдыңғы орынға қойған үкімет биылғы жазғы демалысты лагерьде өткізудің сәті түспейтінін айтуда. Бұл сауалды аудандық білім бөліміне де жолдаған едік.

– Биыл жазғы тынығу лагерьлеріне оқушыларды жіберу туралы шешім шыққан жоқ. Барлығыңызға мәлім, COVID-19 вирусынан сақтану үшін әлі де көпшілік орындарға, адам көп шоғырлануға рұқсат жоқ. Біз үшін ең бастысы – балалардың амандығы. Сондықтан әзірге нақты жауап бере алмаймыз, – деді мамандар.
Г.ӘБДІХАНИ