Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАП ЖҮР

ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАП ЖҮР

Биылдан бастап 15 қыркүйек елімізде санитариялық эпидемиологиялық қызметкерлерінің күні ретінде аталып өтеді. Бұл күн халықтың денсаулығын қорғап жүрген мамандардың еңбегіне деген құрметтің белгісі.
Енді аудандағы осы бір маңызды мемлекеттік мекеменің тарихына көз жүгіртсек. Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының негізі 1949 жылы құрылған. Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдары санитариялықэпидемиологиялық қызмет күрделі реформадан өтті. Осы жылдары бірнеше рет қайта құрылып, басқарма атауы өзгеріп отырды.
Атап айтсақ, алғашқыда санитарлық-эпидемиологиялық станциясы, мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, 2020 жылдан бастап «Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі болып аталады.
Әр жылдары мекеме басшылары да ауысып отырды. 1947-1983 жылдары Алла Старцева, 1983-1992 жылдары Құлахмет Сұлтанов, 1992-2009 жылдары Бөгенбай Есіркепұлы, 2009-2013 жылдары Ғалымжан Бержаппаров, 2014-2017 жылдары Мэлс Жұбатқанов, 2017-2019 жылдары Ерлан Ұзақбаев, 2019-2021 жылдары Кенжебек Абишев басшылық жасаған, ал 2020 жылдан ­бастап мекеме тізгінін Гүлзада ­Айтекеева ұстап отыр.
Қазіргі басшының еңбек жолымен оқырман қауымды аз-маз таныстырып өтейік. Тәжірибелі маман 1983-1990 жылдар аралығында Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының гигиена, санитария және эпидемиология факультетін гигиенист-эпидемиолог дәрігері мамандығы ­бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1990 жылы Жаңақорған аудандық санитарлықэпидемиологиялық станциясында эпидемиолог дәрігер ретінде бастап, 1994-2009 жылдары Шиелі аудандық санитарлық-эпидемиологиялық ­станциясында бас маман, 2009-2014 жылдары бөлім басшысы, 2015-2020 жылдары мекеме басшысының орынбасары, 2020 жылдан бастап басқарма басшысы болып тағайындалған.
Шиелі аудандық санитариялықэпидемиологиялық бақылау басқармасы 3 бөлімнен: санитариялық-гигиеналық бақылау, техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімі, эпидемиологиялық бақылау бөлімі, қызметті жоспарлау және талдау бөлімдерінен тұрады. Онда 15 мемлекеттік қызметкер және штаттан тыс 6 қызметкер жұмыс істейді.
Осыған дейін аудандық санитариялық эпидемиологиялық басқармасы тарапынан жұқпалы және паразитарлық аурулардың 46 нозологиясы бойынша мониторинг жүргізіліп, алдын алу, тұрақтандыру, таратпау мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылды. Бүгінде жалпы жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық ахуалы қанағаттанарлық жағдайда. Жұқпалы аурудың 27 нозологиясы бойынша ауру тіркелген жоқ, 16 түрінен салыстырмалы жылдан аурушандық төмендеген. Басқарманың бақылау және қадағалауында 587 обьект бар, эпидемиологиялық маңыздылығы жоғары объектілер – 358, оның ішінде тағам объектілері – 32, білім беру және тәрбиелеу объектілері – 177, коммуналдық объектілер – 138, өнеркәсіп және радиациялық қауіпті объектілерді бақылау бөлімі – 11.
Әрине, бұл көрсеткіштер басқарма мамандарының жоғарғы біліктілігі мен қажырлы еңбегі деп түсінгеніміз жөн.
Сондықтан, кәсіптік мере - ке қарсаңында санитариялықэпидемиологиялық қызмет саласында жұмыс істейтін барлық маманды шын жүректен құттықтап, еңбектеріне табыс тілейміз.

Айдар БАҚЫТЖАНҰЛЫ
16 қыркүйек 2025 ж. 40 0

Қоғам

ҚАЛТАНЫ ҚАҒАР ҚЫРКҮЙЕК
16 қыркүйек 2025 ж. 37

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930