Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Ауданда санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Бейсенбі күні аудан әкімдігінің баспасөз орталығында брифинг өтті. Оған аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы, қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Кенжебек Әбішев қатысып, өзі басқарып отырған ұжымның 2019 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы жөнінде есеп берді.

Шиелі аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы, қауіпсіздігін бақы­лау басқармасының басты мақ­саттарының бірі – жалпы аудан тұрғындары арасында туындаған санитарлық ағарту жұмыстары және инфекциялық аурудың алдын алу. Брифинг барысында басқарма басшысы кеден одағы нарығында айналымға түсетін халық тұтынатын өнімдердің, оның ішінде тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мемлекет тарапынан ерекше бақылауға алынғандығын атап өтті.
ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы бар. Санитарлық әл-ауқатты, қауіпті факторларының профилактикасын қамтамасыз ету, дұрыс тамақтануды насихаттау мен салауатты өмір салтын ынталандыру арқылы халықтың денсаулығын нығайту жоғарыдағы бағдарламаның негізгі міндеттеріне кіреді. Және осы бағытта басқарма бойынша біршама іс-шаралар да атқарылып келеді екен. Олардың қатарына «Қауіпсіз тағам таңда», «Өз денсаулығың өз қолыңда», «Ұнды фортификациялау», «Болашаққа қадам» мен «Дене белсенділігі» акцияларын қоссақ болады. Сонымен қатар семинарлар өткізіліп, арнайы анкеталар толтырылып, брощюралар таратылған.
Брифингте сала басшысы Кенжебек Әбішев халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің үш түріне тоқталды. Айта кетейік, басқарма бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге 96 өтініш түскен. Тиісінше өтініш иелерінің 13-іне дәлелді бас тартумен жауап берілген. Брифинг соңында К.Әбішев 2019 жылы басқарма атқарған негізгі бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасатынын айтып, журналистер қойған сұрақтарға жауап­ берді.


Сұлушаш МАДИЯРОВА


29 ақпан 2020 ж. 1 119 0