Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы күрес шаралары күшейтілді

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы күрес шаралары күшейтілді


Шиелі аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының кезектен тыс отырысы болып өтті. Отырыста Шиелі ауданы, Досбол би елді мекенінде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының (әрі қарай-КҚГҚ) болжамды екінші жағдай тіркелуіне байланысты, аурудың топтасқан жағдайын болдырмай індеттің алдын-алу, тоқтату мақсатында атқарылатын іс-шаралар талқыланды.
Комиссия отырысында Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ә.Әбдіқайымова облыста Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы күрес, алдын алу бағытында Департамент тарапынан атқарылып жатқан шараларды баяндап, маңызды мәселелерді ортаға салды. Сонымен қатар Шиелі аудандық басқарма басшысы Е. Ұзақбаев аудан көлемінде КҚГҚ алдын алуда атқарылған жұмыстар барысын баяндады.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі қомиссия отырысының хаттамасын орындау мақсатында, Қызылорда облысының ветеринария мамандарымен Досбол би елді мекенінің мал бастарының саны нақтыланып, буферлік аймақтар мен мал қоралар көлемі есептелінді. Ал ветеринария саласымен ұсынылған жобалық-сметалық құжаттарға сәйкес, 18.06.19ж бастап Досбол би елді мекенінің буферлік аймақтары, мал басы мен мал қораларына кенеге қарсы өңдеу жұмыстарын «Төрт түлік белгісі» мердігер мекемесі жүргізуді бастады. Сонымен қатар «Ұлттық сараптама орталығының» облыстық филиалының жұмысшы тобымен аталған елді мекеннің санитариялық қорғаныс аймағында өңдеу жұмыстары бір мезетте жүргізілуде.

Шиелі Аудандық Қдс Басқармасы ФБ парақшасынан.

21 маусым 2019 ж. 1 089 0