Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кенемен күрес, шаруаға зор үлес

Кенемен күрес, шаруаға зор үлес



Облыс аймағы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының табиғи ошағына жатқызылғандықтан жыл сайын қолайсыз болып анықталған елді мекендерде көктемгі және күзгі залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Осыған сәйкес, 2018 жылы облысымыздың 127 елді мекенінде мал бастары мен қораларға, суаттар мен шаңлақтарға 2 реттен көктемгі және күзгі залалсыздандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Қазіргі таңда аталған елді мекендердегі 523679 мал басы мен жалпы ауданы 3290449 шаршы метрді құрайтын қора, суат және шаңлақтар анықталған.
Міне, осы тақырып аясында аудандық ветеринария бөлімінің ұйымдастыруымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Басқосуды аталған мәселелі тақырып төңірегіндегі  жан-жақты әңгімесімен ашқан аудан әкімінің орынбасары Т.Жағыпбаров облыстан арнайы келген қонақтарды көпке таныстырып өтті. Мұнан әрі Қызылорда облысы жұмылдыру дайындығы басқарма басшысының орынбасары Е. Бәкіров пен «Жұмылдыру және шұғыл жұмыстар орталығы» КММ нің басшысы Б.Қарсақбаев өз ойларын ортаға салып, жұмыстың барысынан хабар берді. 
Ал, ағымдағы жылғы залалсыздандыру жұмыстары ауданда 25 елді мекенде жүргізу жоспарлануда. Аталған жұмысты «Төрт түлік белгілері» мердігер мекемесі атқаратын болады. Кенеге қарсы улау жұмыстарының тиімділігі мал қораларының механикалық жағдайына да байланысты болатындықтан, залалсыздандыру жұмыстары басталар алдында қора –жайлардың қилар мен қоқыстардан тазартылғаны дұрыс.
Науқан ұтымды ұйымдастырылса, кене саны кеміп, одан жапа шегетіндер де азаяды. Қырым-қанды қызбасы аса қауіпті аурудың қатарына жататындықтан мамандар мейлінше сақ болуға шақырады. Ал малы бар шаруалар төрт түлігін дер кезінде залалсыздандыруға жағдай жасаулары тиіс.
Дина ӘБІЛАСАН.
03 сәуір 2018 ж. 1 375 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930