Өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Аудандық мәдениет үйінде 2018 жылдың 2 наурызы күні Шиелі аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен бағдарлама аясында Солтүстік өңірлерге ерікті түрде қоныстандыруға байланысты жәрмеңке өтті.
Іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Жағыпбаров Тұрмағанбет Әлиасқарұлы ашты.
Жәрмеңкеде Павлодар облысынан келген делегат яғни, Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Есембаева Меруерт Сейітбекқызы 219 жұмыс беруші мекемеден 605 бос жұмыс орындарын ұсынды. Ал, Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары Оспанов Жанат Таманбайұлы 292 жұмыс беруші мекемеден 1162 бос жұмыс орындарын ұсынды.
Сонымен қатар аудандық жұмыс орындарынан «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС-гі басшысының бірінші орынбасары У Джин Хуа мырза құрылыс жұмыстары аясында ағымдағы жылдың сәуір айында ашылады деп жоспарланған 150 бос жұмыс орындарын ұсынды.
Жәрмеңкеге 380 аудан тұрғыны қатысып, оның ішінде Павлодар облысына 32 азамат, ал Солтүстік Қазақстан облысына 45 азамат қоныс аударуға ниеттерін білдірді.
Қоныс аударуға ниетті жұмыссыз азаматтарға аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.