Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда салық базасы ұлғайтылуда

Қазалыда салық базасы ұлғайтылуда

Бүгін өткен аппарат мәжілісінде салық базасын ұлғайту мәселелері талқыланды. Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергеновтің баяндауынша, ауданда салық базасын ұлғайту жөнінде 3 жедел топ құрылған.
Бірінші топ бақылау кассалық машинаны қолдану, чек талап ету жұмыстарымен, екінші топ құрылыс объектілерін зерттеу, тіркелмеген объектілерін салық төлеуге тарту жұмыстарымен, үшінші топ жолаушы, жүк тасымалы бойынша жұмыстар атқаруда.
Мәжілісте қаралған өзге де мәселелер бойынша аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы Ғалымжан Бердібеков, халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Мұрат Бекмамбетов хабарлама жасады.
Мәжіліс қорытындысымен аудан әкімі Мұрат Ергешбаев тиісті сала басшыларына аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кассалық аппаратпен жұмыс жасауына бақылау жүргізіп, тұтынушыларға чек басылуына рейдтік жұмыстарды жалғастыруды, әскери борышын өтеуден жалтарып жүрген азаматтардың тізімін анықтауды, жоспарланған әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға тиісті жұмыс жүргізіп, нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді қатаң тапсырды.
09 ақпан 2018 ж. 1 293 0