Айтып келмейтін апатқа бейқамдық танытпа
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды болдырмау, сонымен қатар, төтенше жағдайлар уақытында халықты хабардар етуге арналаған құлақтандыру жүйелері, электр дабыл қондырғылары және аудандық өрт қауіпсіздігі жағдайы. Міне, осы тақырып жұма күнгі аудан әкімдігінде комиссия отырысының тақырыбына айналды.
Аталған жиынға комиссия мүшелері, азаматтық қорғау қызметінің басшылары, кент, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім мен тиісті салалық мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде көрсетілгендей, елді мекендерде өртке қарсы еріктілер жасағын құрып, оларды арнайы киім-кешекпен, техникамен, өрт сөндіру құралдарымен жарақтау бойынша жұмыстарды жандандыру жөнінде аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің директоры Жандос Әлиев баяндады.
Өткен жылы ешқандай орман өртінің тіркелмегендігін алға тартқан баяндамашы Ж.Әлиев елді мекендер мен аудан көлеміндегі шаруашылықтар жерлері мен мемлекеттік орманды алқаптарда өрт фактілерін болдырмаудың және өртке қарсы дайындық жұмыстарының жоспарын ортаға салды. Жергілікті тұрғындар арасында елді мекендерде орман өртіне байланысты үгіт-насихат плакаттары таратылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, өрт сөндіру автокөлігімен патрульдік жұмыстар жүргізілгендігі де аян болды. Мұнымен қоса, №9 өрт сөндіру бөлімімен бірлескен оқу-жаттығу жұмыстары да жиі орайластырылатын көрінеді. Атқарылған жұмыстарын жүйесімен жеткізген Ж.Жақсылықұлы өзінің ұсыныстарын да ала келіпті. Нақтыласақ, ауылдық округтердегі әрбір шаруашылықтың және тиісті мекеме басшылары өрт болдырмау және алдын алу мақсатында өрт сөндіру күш, көлік құралдарын ұйымдастырып, ерікті өрт сөндіру құрылымдарын құру жұмыстары туралы мәліметтер беруі керектігін атап өтті. Бұл ретте, 2017 жылы өрт маусымына дайындық жөнінде Алмалы, Төңкеріс, Ақмая, Жөлек, Бәйгеқұм, Қарғалы ауылдарынан мәлімет берілсе, Иіркөл, Жаңатұрмыс, Керделі, Еңбекші, Жиделіарық, Гигант, Жуантөбе, Бестам, Телікөл, Ақтоған, Ортақшыл, Талаптан ауылы әкімдері бұл мәселеде бейқамдық танытып отырған секілді.
Келесі екі мәселе бойынша баяндама жасаған аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жандос Мампаев су алу қауіпінің алдын алуға байланысты жұмыстарын атап өтті. Қауіп-қатер туындағанда халыққа хабарды тез тарату маңызды болғандықтан, электр дабыл құрылғылары орналасқан нүктелерді де назарға салуды жөн санады. Олар «Салтанат сарайында», «Қазақтелеком» АҚ, Көкшоқыдағы құрылыс бөлімінің ғимараттарында орналасыпты. Енді осы құрылғылардың жарамдылығын қадағалап, техникалық күтім жасап отыру үшін бір мекемеге тиісті құжатпен жүктеуді және осы құрылғылардың санын арттыруды ұсынды.
Ал, өрт қауіпсіздігіне байланысты баяндамадан ұққанымыз, өткен жылы 138 ақпарат тіркеліп, 38 өрт оқиғасы орын алған. Бұл былтырғыға қарағанда 5,2 пайызға азайғандағы көрінісі екен. Өрттің алдын алу және болдырмау жұмыстарын жандандыру үшін Ж.Мампаев өзекті ұсыныстарын айтып өтті.
Тартоғайдан ашылған өрт сөндіру бекетін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, ауылдарға жақын орналасқан су қоймаларына жабынды алаңқайы бар кіре берістер орнату, ерікті өрт сөндірушілердің қоғамдық бірлестігіне тіркелуі қажеттігі, ауылдардағы үйлердің санына қарай өрт сөндіру мотопомпасымен қамтамасыз етілуі жөнінде айтты.
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар уақытында халықты хабардар етуге арналған құлақтандыру жүйелері, электр дабыл қондырғылары және аудандық өрт қауіпсіздігі жағдайы және көктемгі жазғы өртке қауіпті маусымға дайындыққа келтіру туралы хабарлады.
Жиын соңында аудан басшысы осы жағдайлардың бақылауда болатындығын тапсырып, табиғаттың дүлей күші туғызуы мүмкін кез келген жағдайға барынша дайын болуымыз қажеттігін ескертті. Алдын алудың барлық кешенді шараларын жүзеге асыруды нықтады.
Дина ЖҮСІПОВА.