Мақсаттар жолындағы ортақ міндет
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сыбайлас жемқорлық деген кесір-кесапатпен күрес жөніндегі тапсырмасы қазір жоғарғы дәрежеде жүріп жатыр. Біздің жас мемлекетіміз үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күрес елдің келешектегі өркениетті, тұрақты және жемісті дамуына әсерін тигізетін аса маңызды фактор болып табылады. Елбасының сыбайлас жемқорлық пен парақорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша қатал да бірізді ұстанымы осы жағдайға негізделген.
Жолдауда айтылған барлық шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету, әрине ең алдымен Президент әкімшілігінің, одан кейін тиісті ведомстволардың құзіретіндегі іс. Сол тәрізді құқық қорғау органдарының да бірнеше басым бағыттарда:
саяси және мемлекеттік құрылыстың Қазақстандық жаңа моделі, саяси жүйесінің қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен күресі және құқық бұзушылықтың алдын алуға тікелей байланысты өз саласы аясында атқаратын жұмыстарының міндеттері белгіленді.
Қазіргі кезде кейбір азаматтардың қымқырған дүниелері мен қызмет бабын пайдаланған қызметкерлердің әрекеттерін әшкере ету мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ашық майдан жүріп жатқаны белгілі. Мысалы, сот корпусына адал емес адамдардың келу жағдайларын болдырмау, бұқара халықтың сотқа деген сенімін нығайту, сот органдарына жаңа технология енгізу. Азаматтар әділдікті соттан іздейді. Сот кеңсесіне келіп жағдай айтып, жөнін сұраған азаматты тыңдап, оған тиісті құжаттарды әзірлеу жолдарын айту – әрбір сот қызметкерінің міндеті. Қазақстанның қылмыстық заңдарының ережелерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлықпен күрестің өзекті мәселелерінің проблемалық аспектілерін жасау да қолға алынып жатыр.
Ел межесі – алдыңғы қатардағы әлемдегі елу елдің қатарына ену. Осындай тәуелсіз еліміздің алдындағы биік мақсатқа жетудің кедергісі – сыбайлас жемқорлық. Ал, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізудің алдын алу – баршамызға жүктелген міндет.
Жора ОСПАНОВ,
аудандық соттың бас маман- аға сот жасауылы.