Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық дертпен ел болып күресуіміз керек

Қоғамдық дертпен ел болып күресуіміз керек


Сыбайлас жемқорлық мемле­кеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір тө­мендететіні, қоғамда демо­кратиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы, адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сені­міне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында да айтылды. Соңғы үш жыл көлемінде сыбайлас жемқорлық үшін сотты болғандардан келтірілген 17 млрд. теңге залал өндірілген. Бұл аз қаражат емес. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауда Елбасы жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса беретінін жеткізді.
Жемқорлық дейтұғын індетпен күрес баршамызға ортақ міндет. Бір мүдде жолында мейлінше нәти­желі жұмыс атқаруға тиіспіз. «Әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен бас­та» деген сөзді санамызға сақтап, қанағатсыздық қамауға апаратынынан сабақ алуға тиіспіз.

Бағдат СЕРІКБАЙҰЛЫ,
«Еңбекші ауылдық округі әкімі аппаратының»
инфрақұрылымды дамыту және жастар
ісі жөніндегі бас маманы.
25 ақпан 2018 ж. 1 098 0