Қауіпке немқұрайлы қарамаңыз
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың негізгі түрлері:
Корпоративті сыбайлас жемқорлық – капиталдың елден шығарылуы, салық төлеуден жалтару, кәсіпкерлігін жүргізу үшін шенеуніктерге пара беру, үстемақы алу үшін монополиялық жағдайды пайдалану, келісім, сараптама мен сертификат алу үшін пара беру.
Саяси сыбайлас жемқорлық – ақша алып, мемлекеттік сатып алудың бюджеттік қаржысын заңсыз бөлу, түрлі мемлекеттік қызметтердің орындалуын тездету үшін пара алу, түрлі заң бұзушылықтарды жасыру үшін ақша боп-салау, қаржының депозит не облигация ретінде қаржы ұйымдарына жіберілуі, инвесторларға заңсыз түрде қолайлы жағдай жасау.
Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық – түрлі әлеуметтік жеңілдіктер мен қызмет үшін тұрғындардан пара алу, заңның бұзылуын жасыру, түрлі рұқсатнамалар алу.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа жататын қылмыстар:
– қызмет орнын, өкілеттігін пайдалану;
– билігін не қызмет өкілеттігін пайдалану;
– лауазымды тұлғаның өкілеттігін пайдалану;
– заңсыз түрде кәсіпкерлікпен айналысу;
– заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі болу;
– пара алу;
– пара беру;
– бопсалауда арада жүру;
– қызмет орнында алдау;
– қызмет орнындағы әрекетсіздік;
– немқұрайлылық.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағандар үшін ескі мерзім болмайды, шартты түрде сотталуға тыйым салынған, өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысуға тыйым салынады. Жыл сайын мыңдаған адам (шенеуніктер де, азаматтар да) сыбайлас жемқорлықпен айналысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ең жоғары деңгейдегі шенеуніктер де, тіпті министрлер мен облыс әкімдері де сыбайлас жемқорлықпен айналысқаны үшін қамауға алынып, сотталады.
361-бап. Қызмет орнын пайдалану 2000 АЕК дейінгі айып / 4-8 жылға бас бостандығынан айыру;
362-бап. Билігі мен қызмет орнын асыра пайдалану 3000 АЕК дейінгі айып / 5-10 жылға бас бостандығынан айыру;
363-бап. Лауазымды тұлғаның өкілеттігін иелену 2000 АЕК дейінгі айып / 75 тәулікке қамалу, Заңсыз түрде кәсіпкерлік қызметке араласу 1000 АЕК дейінгі айып / 4 жылға бас бостандығынан айыру;
365-бап. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі болу 2000 АЕК дейінгі айып / 3-7 жылға бас бостандығынан айыру;
366-бап. Пара алу 50 пара көлеміндегі айып / 10-15 жылға бас бостандығынан айыру;
367-бап. Пара беру 20 пара көлеміндегі айып / 10-15 жылға бас бостандығынан айыру;
368-бап. Бопсалауда арада жүру 10 пара көлеміндегі айып / 6 жылға бас бостандығынан айыру;
369-бап. Қызмет орнында алдау 2000 АЕК дейінгі айып / 3-6 жылға бас бостандығынан айыру;
370-бап. Қызмет орнындағы әрекетсіздік 2000 АЕК дейінгі айып / 4-8 жылға бас бостандығынан айыру;
371-бап. Немқұрайлылық 1000 АЕК дейінгі айып / 5 жылға бас бостандығынан айыру.
Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып, осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Назар аударыңыз!
Егер сіз қандай да бір ұйым, мекемеде жемқорлық, бопсалаушылық, пара алу, пара беру және т.б. сыбайлас жемқорлық көрінісіне тап болсаңыз, бұл проблемаға немқұрайлы қарамаңыз. ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының орталығына хабарласыңыз: 1424 (қоңырау шалу тегін), +7 (7172) 90-92-60, факс: +7 (7172) 90-91-73, E-пошта: anticorruption@nab.gov.kz.
Шиелі ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі.