сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
Мемлекеттік міндеттерді атқаратын, сондай-ақ, соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өкілеттіліктерін өзгеше пайдалану, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз беру арқылы оларды сатып алу сыбайлас жемқорлық болып есептелінеді. Елбасымыз Н.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу Стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа Жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық мүшелеріне, сондықтан, жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті. «Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстардың туындауының себебі көп. Оған ең алдымен мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлы қарауы, әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын
ойлауы да парақорлыққа әкеліп соқтырып, азаматтардың конституциялық құқықтық мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды. Мемлекеттің саясатының басты бағыттарының бірі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу мен азайтуға бағытталған. Пара беру мен пара алудың қылмыс ретінде саналатынын халықтың санасына сіңіру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге жәрдемдескен адам мемлекеттің қорғауында болып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көтермеленетіндігі халықтың назарына жеткізілуде. Үгіт-насихат құралы ретінде бильбордтар орналастырылып, жадынамалар таратылуда. Қазіргі таңда, бос орын болған жағдайда техникалық қызметкерлердің жұмысқа орналасуы жүйеге келтіріліп, жергілікті қоғамдастық мүшелерінің келісімі негізінде хаттамалық шешімі арқылы ұсынылуы, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасының балаларының жұмысқа орналасуына ықпал жасалып, халықтың тұрмысының көтерілуіне септігін тигізуде. Мұның өзі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстар екендігі даусыз. Бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылуды көздер ел болсақ, азаматтарымыздың бойында имандылық, адамгершілік, әділдік пен өз қызметіне деген адалдық болса сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді.
Б.САРТАЙ,
Жөлек ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман,
заң қызметкері.