Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Биыл елімізде «AI Qyzmet» оқыту бағдарламасы іске қосылып, жаңа жоба жүзеге асуда. Бұл бағдарлама мемлекеттік қызметкерлерді жасанды интелекктпен жұмыс істеу дағдыларына үйретуге, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттырып, жұмыс процесіне жасанды интеллекет құралдарын енгізуге және оның мүмкіндіктерін оңтайлы пайдалануға бағытталған.
Осы негізде жуырда «Арман» мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалы мен Шиелі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллектті дамыту» бағыты бойынша «AI Qyzmet» оқыту семинары өтті.
Семинар жұмысына Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Ғалымжан Болатұлы, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Гүлсара Жеткергенқызы және ақпараттық технологиялар бойынша бас инспектор Мұрат Тілекұлы төрағалық етті.
Оқыту барысында мемлекеттік қызметшілер жасанды интеллект саласындағы заманауи біліммен қаруланып, мемлекеттік басқару процесіне AI технологияларын енгізу жолдарын, цифрлық шешімдердің тиімділігін, деректерді басқару тетіктерін меңгерді.
Айта кетейік, оқыту мемлекеттік қызметшінің күнделікті қызметіндегі жоспарлау, ақпаратты өңдеу, презентациялар жасау сынды жұмыстарда жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану дағдыларын қамтиды. Курста заманауи тілдік модельдермен жұмыс істеудің әмбебап қағидалары ұсынылады, бұл түрлі жасанды интеллект жүйелеріне оңай бейімделуге көмектеседі.
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға бағытталған бұл оқуту семинары – заман талыбы әрі мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру, цифрлық трансформацияны жеделдету және инновациялық шешімдерді енгізу бағытындағы маңызды бастамалардың бірі.

«Өскен өңір» ақпарат
25 тамыз 2025 ж. 34 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (9330)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (9329)

19 тамыз 2025 ж.

№61 (9328)

16 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031