ЖАҢА ӘДЕП КОДЕКСІ – ЖАҢА БАҒЫТ
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Шиелі ауданы әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдар бойынша аппарат басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ғалымжан Күлбаевтың төрағалығымен құқықтық оқыту семинары өтті.
Семинарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы С.Жұмаев, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қызылорда облысы бойынша филиалының Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі Қ.Джаурова және аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызметшілер «Zoom» платформасы арқылы қатысты.

Семинар барысында Қ. Джаурова жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша 2022 жылға арналған ҚР Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқуға қабылдау қағидалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мемлекеттік басқару академиясы – бұл қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуы мен білім алу бойынша жүзеге асыратын бірден-бір жоғары оқу ордасы. Осы ретте, хабарламашы академияның магистратура мен докторантура бағдарламалары бойынша кеңінен тоқталды.
Сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы С. Жұмаев жаңа редакциядағы Әдеп кодексі мен мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолдану қағидасы бойынша кеңінен түсіндіріп өтті.
Кодекске сәйкес мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарланушылық қағидаттарына негізделген. Бұл түзетулер сервистік, ашық және халық үшін қолжетімді мемлекеттік аппараттың қалыптасуына ықпал етеді.
Шара соңында аппарат басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ғалымжан Күлбаев мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының Заңдары мен Әдеп кодексінің талаптарын бұлжытпай орындауды, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге, мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттері және оларға қойылған шектеулерді қатаң сақтауды, қоғам тарапынан айтылатын сынға негіз болмауды, қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдік-әдептілік нормаларды ұстануға, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарауда әділ, адал, қарапайым болуға, қоғаммен байланыс жасауда тұтынушыларға бағдарлану, кішіпейілдік танытып, жауапкершілікпен қарауды тапсырды.