Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ӘДЕБІ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ӘДЕБІ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ

Апта ортасында аудан әкімдігінің мәжіліс залында Шиелі ауданы әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормаларын, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларды қатаң сақтаулары, заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында және оның алдын алу бағыты бойынша семинар кеңес өтті.

Семинарды Шиелі ауданы әкімдігінің аппарат басшысы, аудан бойынша Әдеп жөніндегі уәкілі Ғ.Күлбаев жүргізді. Сондай-ақ, ол бұл бағытта ауданда атқарылған іс-шараларға тоқталды.
– Осы жылдың ақпан айында барлық мемлекеттік қызметшілердің ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық жүйесі арқылы мониторинг жүргізіліп, орын алған кемшіліктер анықталған жоқ. Мемлекеттік органдағы моральдық-психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында 1 наурыз – алғыс айту күніне орай, мерекелік шара ұйымдастырылып, мемлекеттік қызметшілер арасында өлең оқудан және «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесі қарсаңында әйелдер арасындағы дойбыдан және пневматикалық мылтық атудан жарыс өткізіліп, жеңімпаздар Әдеп жөніндегі уәкілдің І, ІІ, ІІІ дәрежелі алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды. Сондай-ақ, кент әкімі аппаратының ұйымдастыру және шаруашылық бөлімінің бас маманы Н.Абенованың, осы аппараттың жетекші маманы Қ.Жағыпбарұлына қатысты әдеп кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін Әдеп жөніндегі уәкілге ұсыныс білдірген. Ұсыныс негізінде, кент әкімі аппараты мемлекеттік қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, жиналыс барысында азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуды, іскерлік киім үлгісін сақтауды және әрқайсымыз жұмыстан тыс уақытта өз іс-әрекетіміз бен мінез-құлқымызға жауапты екендігі түсіндіріліп, нәтижесінде кент әкімі аппаратының жетекші маманы Қ.Жағыпбарұлына әдеп кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазасы көрілді, – деді, әдеп жөніндегі уәкіл.
Семинар отырысына облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Хамит Мұратұлы қатысып, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтап, мемлекеттік қызметшілердің заңда белгіленген шектеулері мен тыйымдарын қатаң сақталуын түсіндірді.
Е.Айтөреұлы
05 маусым 2021 ж. 456 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930