Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТӘРТІПТІК КОМИССИЯНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ЕСЕП БЕРДІ

ТӘРТІПТІК КОМИССИЯНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ЕСЕП БЕРДІ

Облыс орталығында өткен Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Шиелі ауданы әкімдігініңтәртіптік комиссиясының төрағасы жұмыс орнында отырып, қашықтықтан есеп берді.
Мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекеттеріне құқықтық баға беретін тәртіптік комиссиямен атқарылған жұмыстардың барысынаудан әкімінің орынбасары, тәртіптік комиссияның төрағасы Тұрмағанбет Жағыпбаровбаяндап шықты.
Бүгінгі таңда, аудандағы жергілікті атқарушы органдардың штат саны 208 бірлікті құрайды. 2019 жылы 53 мемлекеттік қызметшіге түрлі тәртіптік жазаларқолданылған. Яғни, аудандағы мемлекеттік қызметшілердің төрттен бірінің (25,5%) тәртіптері қаралған. Олардың 23-і басшы лауазым, 30-ы өзге мемлекеттік лауазым атқаратын қызметшілер.Ал, биылғы жылдың басынан бері 10 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза көрілген.
Өткен жылы облыс бойынша әдеп нормаларын бұзғаны үшінжергілікті атқарушы органдардың 22 мемлекеттік қызметшісіне тәртіптік жаза қолданылса, оның 6-ы немесе 27% Шиелі ауданына тиесілі болған.
"Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығымен интернет сайттар мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Шиелі ауданында лауазымды тұлғалар тарапынан төтенше жағдай режимін сақтауды қамтамасыз етуде кемшіліктер орын алғандығы анықталды.Аталған кемшіліктердің қоғам тарапынан тудырған сын пікірлерінен кейін, аудан әкімінің орынбасары мен 2 ауылдық округ әкімі өз өтініштеріне сәйкес қызметінен босатылса, 1 ауылдық округ әкімі «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жазаға тартылған", - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Нұрман Талқанбаев.
Күн тәртібіндегі мәселені жан-жақты талқылаған Кеңес мүшелері,аудандағы мемлекеттік қызметшілер арасында тиісті профилактика шараларын жүргізбені үшін Шиелі ауданы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілінің тәртіптік мәселесін қарастыру жөнінде аудан әкіміне ұсыныс енгізді.

ҚР МҚІА Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің хатшылығы
01 маусым 2020 ж. 570 0