Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Азаматтардың сенімін қалыптастыру басты міндет

Азаматтардың сенімін қалыптастыру басты міндет

Бес институттық реформасының негізінде қабылданған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының алғашқы 15 қадамы кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға бағытталған.
Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру үшін білікті де білімді, адал қызмет атқаратын,моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары, халыққа сапалы қызмет көрсететінмемлекеттік қызметшілерді қажет етеді.
Осы орайда, 2015 жылдың 29 желтоқсанында мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған Әдеп кодексі қабылданып, аймақтарда Әдеп жөніндегі кеңестер жұмыс жасай бастады.
Жалпы мемлекеттік қызметкершілердің жұмысына баға беретін халық. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші ең әуелі халыққа қызмет ететінін естен шығармауы керек. Халықпен байланыс орнатуда кәсібилікпен қатар адамгершілік қасиет те қажет.
Әдеп жөніндегі кеңестер мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтарын, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарын қараумен қатар, Мемлекеттік қызмет заңнамалары мен Әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасын жүзеге асырады.
Осы мақсатта 2019 жылдың 6 айында Департаментпен Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мен Әдеп жөніндегі уәкілдердің қатысуымен облыстық, аудандық және ауылдық әкімдіктердің қызметшілерімен 332 кездесулер, семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізілді.
Шаралар барысында мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлық нормаларын кеңінен түсіндіріліп, Агенттікпен әзірленген Әдеп кодексінің қойын кітапшасы (Pocketbook)таратылды. Бұл – әдеп тұрғысындағы мәселелер туындағанда басшылыққа алынатын таптырмас құрал. Онда мемлекеттік қызметшінің қызметтік қарым-қатынаста, жұмыстан тыс уақытта қандай мінез-құлық таныту қажеттігі, әлеуметтік желіні пайдалану, БАҚ-да сөз сөйлеу, мүдделер қайшылығы кезінде өзін қалай дұрыс ұстау керектігі туралы мәселелер қамтылған.
Жалпы бұл шаралар мемлекеттік қызметшілер тарапынан тәртіптік теріс қылықтарды жасау фактілерінің азаюына септігін тигізді. Мәселен, 2019 жылдың 6 айында Қызылорда облысында 342 мемлекеттік қызметші тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін түрлітәртіптік жазалар қолданылса, 2018 жылдың осы кезеңінде 486 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылған болатын. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметшілердің заңбұзушылық фактілері 38 пайызға төмендеген.
Дегенмен, мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп нормаларын бұзу фактілері 12-ден 17-ге көбейген. Оның басым көпшілігі облыстық Әдеп жөніндегі кеңесте қаралған.
Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңеспен 2019 жылдың 6 айында өткізілген 7 отырыста 35 мәселе, оның 19-ы немесе 54% тәртіптік істер, қалғаны профилактикалық бағыттағы мәселелер қаралған.
Атап айтқанда, 4 мәселемен мемлекеттік органдар басшыларының, аудан әкімдердің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары бұзушылықтарының профилактикасы бойынша атқарған жұмыстарының қорытындысы туралы есептері, 4 мәселемен Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметінің нәтижелері, 2 мәселемен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау қорытындылары, 3 мәселемен мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссия жұмысының нәтижелері және 4 өзге де мәселелер қаралды.
Тәртіптік істерді қарау нәтижелерімен Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен 14 қызметші әртүрлі тәртіптік жазаға тартылды, оның ішінде 8-не Әдеп кодексі талаптарын бұзғаны үшін «ескерту», «сөгіс», «қатаң сөгіс», «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту»тәртіптік жазалары қолданылса, 6-на мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазалар қолданылды.
Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы 15 шілдедегі кеңейтілген Үкімет отырысында мемлекеттік органдарға халықпен тікелей және кері байланыс орнатуға, олардың сындарына, БАҚ-тар мен әлеуметтік желілердегі резонанстық жарияланымдарға жедел әрекеттер жасау керектігі баса айтылды.
Өз кезегінде Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша БАҚ-тар мен әлеуметтік желілерде жарияланған жарияланымдарға күнделікті мониторинг жүргізілуде.
Мониторинг нәтижесімен 2019 жылдың І жартыжылдығында басшылық лауазымдағы4тұлғаның тәртіптік істері Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды. Бұл кеңесте қаралған барлық тәртіптік істердің 21% құрайды.
Департамент азаматтардың сенімін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алу бағытында шараларды атқартын болады.


Берікбол БАЙХОЖАЕВ
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда
облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары,
Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі

27 қыркүйек 2019 ж. 420 0

Соңғы жаңалықтар

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (8748)

13 желтоқсан 2019 ж.

№96 (8747)

10 желтоқсан 2019 ж.

№95 (8746)

06 желтоқсан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам