Мемлекеттің айнасы: мемқызметкерлер әдебі
Бүгінде көпшілік мемлекеттік қызметкерлердің білім-біліктілігінен бұрын адамгершілік қасиетін, мәдениеттілігін талап ететіні рас. Өйткені, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі олардың жұртшылық алдындағы мемлекеттік басқару органдарының имиджін анықтайтын мінсіз әдеп, мінез-құлықтарымен қатар жүруі керек.
Мемлекет басшысының «Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспары аясында мемлекеттік қызметшілердің жаңа әдеп кодексі қабылданып, этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және жемқорлық құбылыстар туындататын жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қарастырылды. Бұл кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз әрекетінің алдын алуға бағытталған. Яғни, бұған қарап отырып біз, бұрынғыға қарағанда мемлекеттік қызметшілерге қойылар талаптардың күшейгендігін байқаймыз.Мемлекеттік қызметшінің моральдық бет-бейнесі мен этикасына айрықша көңіл бөлінуінің астарында оның іскерлігі ғана емес, сонымен қатар, айналасындағыларға құрметі мен ізеті де сараланады.
Жақында аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдардағы ҚР мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинар өтті. Семинарды аудан әкімінің орынбасары, Шиелі ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілі Т.Жағыпбаров ашып, жүргізіп отырды.
– Өздеріңізге белгілі, Елбасының бастамасымен жасалып жатқан реформалардың негізгісі «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның» алғашқы 15-і мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруден басталуының өзі қазіргі таңда мемлекеттік қызметке аса көңіл бөлініп, жоғары талап қойылып отырғандығын көрсетеді. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін, Қазақстан Республикасындағы заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды қатаң түрде сақтау кадр саясатының өзекті мәселелерінің қатарында болып отыр. Осыған орай, аудан әкімі аппаратының, дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері мен олардың қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізгелмек, – деді, жиынның алғы сөзінде Т.Жағыпбаров.
Жиын барысында «Аудандағы басылымдарда 2018 жылы жарияланған мемлекеттік қызметшілерге қатысты материалдарды мониторингтеу туралы» баяндама жасаған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Баймұратова:
– Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының маңыздылығын сезінуі және патриот болуы тиіс. Қандай да бір лауазымда болмасын, кез келген жағдайда, мемлекеттік қызметші өз елінің азаматтары мен халқының сенімінен айырылмай жұмыс істеуі керек. Еліміздің ертеңі – бүгінгі мемлекеттік қызметшілердің адамдық парасаты мен ар-ожданына және кәсібилігіне байланысты болғандықтан, «Біздің міндет – халыққа қызмет!» деп Елбасы белгілеп берген ұран аясында елге деген адалдықтың «ақ туын» абыроймен ұстауымыз қажет, – деді. Одан бөлек «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» атты нұсқаулығына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақыттағы мінез-құлық қағидаларын сақтау туралы» аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы Қ.Ратова хабарласа, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологияларды дамыту, мемлекеттік қызметті мониторингілеу және есеп бөлімінің басшысы С.Кенжесариев баяндама оқыды.
Өткен жылы елімізде «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» атты нұсқаулық әзірленген. Онда мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытындағы және жұмыстан тыс уақыттағы мінез-құлық қағидалары қарастырылған және олардың парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың негізгі аспектілері берілген. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайлары туындаған сәтте өзінің құқықтарын қалай қорғауға және қайда жүгінуге болатыны жөнінде мәліметтер көрсетілген. 80 мыңға жуық тұрғыны бар Шиелі ауданында бүгінгі күні 210 қызметші мемлекеттік міндеттерді атқаруға өз үлесін қосуда. Өңірде өткен жылы мемлекеттік қызметке кір келтіргені үшін 32 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылған. Ал, 4 шенеунік парамен ұсталған.
Гүлхан ЯХИЯ.