Әдеп кодексі – әдептілік бейнесі
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласында «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғы шарттардың санатында», – деп көрсетілген.
Ұлт жоспары — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» - Бас құжаттың алғашқы 15-i мемлекеттiк аппаратты кәсiбилендiруден басталады. Осыған орай, мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамаларға түбегейлi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлiп, қабылданған мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінде этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және жемқорлық құбылыстар туындататын жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қарастырылған. Жүйедегi өзгерiстер сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiктi қалыптастырып, мемлекеттiк менеджменттiң, халықтың алдындағы абырой-беделiн көтерiп, оның сапалы моделiн жасауға бағытталған. Осы мәселе төңірегінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Берікбол Байхожаев, аудан әкімінің орынбасары, әдеп жөніндегі уәкілі Т.Жағыпбаров жүргізген шарада Әдеп кодексінің нормалары бұзушылықтарын алдын алу тақырыбы кеңінен талқыланды. Әдеп кодексі талаптарының сақталуы бойынша кездесуге дербес бөлім басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік қызметшілер қатысты. Мемлекеттiк қызметшiлер жұмыс уақытынан бөлек, бос уақытында да әдеп кодексiн ұстануы мiндеттi. Оның iшiнде қызметкердiң сыпайы, адал, сабырлы, салмақты, ұқыпты болуы және кез келген ортада өзiн iскерлiк стильге сай ресми түрде ұстауы мiндеттелген. Сондай-ақ, мемлекеттiк қызметшi елiмiздегi тiлдерге, салт-дәстүрлерге сыйластықпен қарап, әдiл де заңды шешiмдер қабылдауы, жалған ақпарат таратпауы, сын айтқаны үшiн бiреудi қудаламауы және мемлекет меншiгiн тек қызмет бабында пайдалануы қажет. Мұнан бөлек мемлекеттiк қызметшi жемқорлық фактiсiне қатысты, тiптi, есiмiнiң аталуына жол бермеуi, қол астындағыларды кемсiтпеуi және қызметкерлердiң барлығына құрметпен қарауы тиiс. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Байхожаев та баяндама жасап, біршама статистиканы алға тартты. Одан әрі сыбайлас жемқорлық әрекетіне барған лауазымды тұлғалардың құрықталғаны, жасаған қылмыстарына өкініш білдіретіні жайлы бейнероликтер көрсетілді. Содан кейін, ол, яғни «қалта» кодексі әдеп жөніндегі мәселелер туындаған кезде мемлекеттік қызметшілер үшін өзінше бір құрал қызметін атқаратынын тілге тиек етті. Қойын кітапшаны жұмыстан тыс уақыттада, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық, әлеуметтік желілерде, БАҚ-та көпшілік алдында сөйлеген кезде және мүдделер қақтығысымен байланысты әр түрлі жағдайларда өзін дұрыс таныта білуге бағыттайтынын айтты. Сонымен қатар, рocketbook-ты қарапайым азаматтар да пайдалана алатыны атап көрсетті
Мемлекеттiк қызмет – бұл барлық мемлекеттiк басқаруды ұйымдастыруда жетекшi рөлге ие, ең маңызды тетiктердiң бiрi. Мемлекеттiк қызметшiнiң моральдық бет-бейнесi мен этикасына айрықша көңiл бөлiнуiнiң себебi – оның iскерлiгiн ғана емес, айналасындағыларға деген құрметi мен iзетiн де жетiлдiру. Себебi, мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiмi мен бiлiктiлiгiне және жүрiс-тұрысына қарай қазiргi қоғамда халықтың атқарушы билiк жайлы көзқарасы мен оған деген сенiмi қалыптасатыны да белгiлi.
Сөз соңын қорытындылаған әдеп жөніндегі уәкілі Т.Жағыпбаров айтылған жайлардың ескерілетінін және сыбайлас жемқорлықпен күрес үздіксіз жүретін жеткізді. Қазақстан Республикасының Заңдары мен Әдеп кодексінің талаптарын бұлжытпай орындауды, қызметтік тәртіпті қатаң сақтауды, қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдік-әдептілік нормаларын ұстануды тапсырамын – деп жиынды қорытындылады.
Сондықтан, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бiз мемлекеттiк қызметтiң кадрлық құрамын iрiктеу және кәсiби даярлықтың жетiлдiрiлген әдiстемелерiн енгiзу арқылы сапалы түрде жақсартуымыз керек» – деп, мемлекеттiк қызметке деген мiндеттердi айқындап бердi. Еліміздің мемлекеттік қызметшілерінің әдеп стандартын сақтауы сенімді түрде өркендеген, мәдениеті жоғары Мемлекет болуға қол жеткізудің нысаны екендігін аңғартады. Бүгінгі таңда, Қазақстанның мемлекеттік қызметшісі халықтың мемлекеттік органдарға сеніммен қарайтын, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыратын бейне.
Жұлдызай Ноғайбайқызы.