Үштілділік – білім саласындағы жаңғыру
Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында» — деп атап көрсеттті.
Сондай-ақ, мақалада Елбасы елімізде үшінші жаңғырудың басталғанын атап өткен. Білім саласына ерекше назар аудара отырып, Мемлекет басшысы республика мектептерінде үштілділікті енгізудің рөліне ерекше тоқталды.
Әлемдегі дамыған елдердің қатарына қосылу үшін біршама уақыттан бері «үш тұғырлы тіл» саясатын қолға алып жатқаны белгілі. Ақпараттық техниканың дамыған заманында тілді үйрену қиындық тудырмайды, қайта көп тіл білгеннің ешбір зияны жоқ. Бірақ қазақ баласы әуелі отбасында ұлттық рухпен тыныстап, ана тілінің нәрлі уызына қанып, ұлттық рухани тәрбиенің қайнар бұлағынан сусындап өсуі керек. Алғашқы тәрбиені ана тілінде қабылдап, қазақы қасиетпен жетілген бала кейін қандай ортада жүріп, қанша тіл үйренсе де, өз тілін ұмытпайтын, ұлттық қасиетінен көз жазып адасып қалмайтын болады. Мәселен, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Қ.Сәтбаев, А.Құнанбайұлы сынды аумалы-төкпелі заманда өмір сүрген қазақ зиялылары туған жерден жырақта жүрсе де, өзге империяның бодандық бұғауында болса да, тұғыры биік ана тілін бәрінен жоғары қойған. Өйткені олардың бәрінің де тілі қазақша шыққан, бірі ауыл молдасынан хат таныса, енді бірі ана тілінде мұғалімдерден тіл сындырған. Яғни, бастапқы ұлттық тірек мықты.
Шындығында ағылшын тілі қазақ жерінде өз үстемдігін жүргізе алмайды. Қазақстанда тек қазақ тілі ғана билік құра алады. Ағылшын тілі – қазақ жерінің жаңа әлемге ашар есігі. Міне, осы түсінікті балалардың санасына мектеп табалдырығынан бастап қалыптастыруымыз қажет. Біздің бүгінгі тал шыбықтай бүлдіршіндеріміз – ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын тұлғалар. Сондықтан, оларды білімді, жаһандық бәсекеге қабілетті, дамыған технологияларды жатсынбайтын, жаңалыққа, ғылымға құмар етіп тәрбиелеуге міндеттіміз. Баршамыз өзге тілді өз еліміздің өркендеуі мақсатында үйреніп, тұғыры биік тіліміздің маңыздылығын ешқашан есімізден шығармайық.
Ақзияш РҮСТЕМОВА,
аудандық кешкi жалпы орта білім беретін
мектептің мұғалімі.