Үштілділік – білім саласындағы жаңғыру
ПрезидентНұрсұлтанНазарбаев «Болашаққабағдар: руханижаңғыру» мақаласында «Болашақтаұлттыңтабыстыболуыоныңтабиғибайлығыменемес, адамдарыныңбәсекелікқабілетіменайқындалады. Сондықтан, әрбірқазақстандық, соларқылытұтасұлтХХІғасырғалайықтықасиеттергеиеболуыкерек. Мысалы, компьютерліксауаттылық, шеттілдерінбілу, мәдениашықтықсияқтыфакторларәркімніңалғабасуынасөзсізқажеттіалғышарттардыңсанатында» — депатапкөрсеттті.
Сондай-ақ, мақалада Елбасы елімізде үшінші жаңғырудың басталғанын атап өткен. Білім саласына ерекше назар аудара отырып, Мемлекет басшысы республика мектептерінде үштілділікті енгізудің рөліне ерекше тоқталды.
Әлемдегі дамыған елдердің қатарына қосылу үшін біршама уақыттан бері «үш тұғырлы тіл» саясатын қолға алып жатқаны белгілі. Ақпараттық техниканың дамыған заманында тілді үйрену қиындық тудырмайды, қайта көп тіл білгеннің ешбір зияны жоқ. Бірақ қазақ баласы әуелі отбасында ұлттық рухпен тыныстап, ана тілінің нәрлі уызына қанып, ұлттық рухани тәрбиенің қайнар бұлағынан сусындап өсуі керек. Алғашқы тәрбиені ана тілінде қабылдап, қазақы қасиетпен жетілген бала кейін қандай ортада жүріп, қанша тіл үйренсе де, өз тілін ұмытпайтын, ұлттық қасиетінен көз жазып адасып қалмайтын болады. Мәселен, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Қ.Сәтбаев, А.Құнанбайұлы сынды аумалы-төкпелі заманда өмір сүрген қазақ зиялылары туған жерден жырақта жүрсе де, өзге империяның бодандық бұғауында болса да, тұғыры биік ана тілін бәрінен жоғары қойған. Өйткені олардың бәрінің де тілі қазақша шыққан, бірі ауыл молдасынан хат таныса, енді бірі ана тілінде мұғалімдерден тіл сындырған. Яғни, бастапқы ұлттық тірек мықты.
Шындығында ағылшын тілі қазақ жерінде өз үстемдігін жүргізе алмайды. Қазақстанда тек қазақ тілі ғана билік құра алады. Ағылшын тілі – қазақ жерінің жаңа әлемге ашар есігі. Міне, осы түсінікті балалардың санасына мектеп табалдырығынан бастап қалыптастыруымыз қажет. Біздің бүгінгі тал шыбықтай бүлдіршіндеріміз – ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын тұлғалалар. Сондықтан, оларды білімді, жаһандық бәсекеге қабілетті, дамыған технологияларды жатсынбайтын, жаңалыққа, ғылымға құмар етіп тәрбиелеуге міндеттіміз. Баршамыз өзге тілді өз еліміздің өркендеуі мақсатында үйреніп, тұғыры биік тіліміздің маңыздылығын ешқашан есімізден шығармайық.
Ақзияш РҮСТЕМОВА,
Шиелі аудандық жалпы орта білім беретін кешкі мектептің мұғалімі.