Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТӘРБИЕ ТАМЫРЫ – ОТБАСЫНДА

ТӘРБИЕ ТАМЫРЫ – ОТБАСЫНДА

Адамзат баласы үшін отбасы — ең қасиетті ұғым, алтын ұя және тәрбиенің тал бесігі. Өркениетті қоғамның іргетасы да дәл осы шаңырақтың беріктігімен, ондағы сыйластық пен ұлттық құндылықтардың сақталуымен өлшенеді. Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпақ тәрбиесі мен отбасылық қарым-қатынас мәселесі басты назарда болуды талап етеді. Осы орайда, Шиелі ауданында ауылдық жерлердегі ағартушылық жұмыстарды жандандыру мақсатында маңызды басқосулар өтті.


Аудандық қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде, Қызылорда облысының «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігі ауқымды әлеуметтік жобаны қолға алды. «Жергілікті әйелдер кеңестері жұмысын дамыту және отбасы мен неке құндылықтарын насихаттау бағытында шараларды ұйымдастыру қызметі» деп аталатын бұл жоба аясында ауданға қарасты Сұлутөбе, Майлытоғай, Тартоғай және Қоғалы ауылдық округтерінде тұрғындармен келелі кездесулер ұйымдастырылды. Ауылдық әйелдер кеңестерімен бірлесе өткізілген бұл шаралар «Отбасылық қатынастардың бала тәрбиесіндегі ықпалы» деген өзекті тақырыпты арқау етті. Кездесулердің басты мақсаты — ежелден келе жатқан отбасылық құндылықтарымызды қайта жаңғырту, заманауи қоғамдағы әйелананың, отбасының рөлін айқындау және ауыл тұрғындары арасында кездесетін түйткілді мәселелерді дер кезінде анықтап, оларға бағытбағдар беру болды. Шараның маңыздылығын арттыру мақсатында арнайы құрылған жұмысшы топ құрамында аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Н.Палымбет, қоғамдық даму бөлімінің әдіскері Ж.Махамбетова, отбасын қолдау орталығының маманы Қ.Қаліжігітова және аудандық көпбейінді орталық ауруханасының тәжірибелі психологы З.Жағыппарова ауыл тұрғындарымен ашық пікірлесіп, өз салалары бойынша құнды мағлұматтармен бөлісті. Басқосу барысында отбасының тұтастығын сақтау, бала тәрбиесіндегі ананың қасиетті рөлі, ұлттық тәрбиенің діңгегі тектес тақырыпта кеңінен қаузады. Әсіресе, бүгінгі күннің ең үлкен мәселесінің бірі – ата-ана мен бала арасындағы психологиялық байланыс, өзара түсіністік пен сыйластықтың азаюы жайлы психолог мамандар нақты кеңестерін ортаға салды. Бұл кездесулер тек біржақты баяндама оқумен шектелмей, тұрғындардың белсенді араласуымен еркін пікірталас алаңына айналды. Ауыл белсенділері, ақжаулықты аналар мен көпбалалы келіндер өз ойларын ашық айтып, өздерінің өмірлік тәжірибелерінен, бала тәрбиесіндегі өнегелі сәттерінен мысалдар келтірді. Мұндай ашық дидарласу тұрғындардың көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік берді. Отбасының жылуын сақтап, ұлттық тәрбиенің уызына қаныққан саналы ұрпақ өсіру – баршамызға ортақ міндет екенін ұғындырған бұл жоба алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Мақпал ЖУСАНБАЕВА, 1 Мамыр ауылы
16 маусым 2026 ж. 48 0

Қоғам

АҚ ХАЛАТТАҒЫ МЕЙІРІМ
16 маусым 2026 ж. 47

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9412).

16 маусым 2026 ж.

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930