БАТЫР АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Іс-шараның мақсаты – жас отбасыларға ұлттық құндылықтарды насихаттау, ана мәртебесін көтеру, көпбалалы аналардың өмірлік тәжірибесін үлгі ету.
Жиын барысында аналар отбасы тәрбиесі, келін мінезі, ер мен әйелдің жауапкершілігі жайлы тағылымды кеңестерімен бөлісті.
Шараға қатысқан Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің басшысы К.Есенбаев құттықтау сөз сөйлеп, батыр аналардың қоғамдағы рөліне тоқталып, алғысын білдірді.
Сонымен қатар Шиелі аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің маманы Н.Ыбраева қоғамдағы орын алып жатқан зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында семинар-тренингін өткізді.
Іс-шара барысында сұрақ-жауап, пікір алмасу ұйымдастырылып, «Нартай» өнер мектебі өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды. Жиын соңында аналарға құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табысталды. Бұл кездесудің жас келіндерге рухани әсер еткені, ана мектебінен тәлім алғаны сөзсіз.