Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАНДА «АЛТЫН АЛҚА», «КҮМІС АЛҚА» ИЕГЕРЛЕРІНІҢ САНЫ АРТТЫ

АУДАНДА «АЛТЫН АЛҚА», «КҮМІС АЛҚА» ИЕГЕРЛЕРІНІҢ САНЫ АРТТЫ

Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков Мемлекет басшысының 2025 жылғы 30 мамырдағы №894 және 25 шілдедегі №949 Жарлықтарына сәйкес 26 көпбалалы ананы арнайы қабылдап, 3 «Алтын алқа» және 23 «Күміс алқа» төсбелгілерін салтанатты түрде табыс етті.
Салтанатты жиын барысында аудан әкімі:
"Батыр да, ақын да бәрі-бәрі ананың алтын құрсағынан шыққанын.Ана – тіршіліктің тірегі, өмірдің бастауы. Сіздерге мәңгілік құрмет көрсету – перзенттік парызымыз" – дей келе, көпбалалы аналардың қоғамдағы орны мен еңбегін ерекше атап өтті.
Сондай-ақ,шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қабілеш Бекіш, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Нәйла Палымбет, «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова да сөз алып, аналарға ақ тілегін білдірді.
Шара соңында аудан өнерпаздары әсем ән мен жырдан шашу шашып, жиынның рухани мазмұнын байыта түсті.
Ауданымызда ана мәртебесін көтеру, көпбалалы отбасыларды қолдау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі жалғасын табады.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі
11 қыркүйек 2025 ж. 59 0