Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КӨКТЕМ КӨРКІ – КҮЛКІСІНДЕ АРУДЫҢ!

КӨКТЕМ КӨРКІ – КҮЛКІСІНДЕ АРУДЫҢ!

Ана – дүниедегі ең аяулы сөз. Бұл сөзге бар әлемнің мейірімі мен махаббаты сыйып тұр. Халық та, алып та ана алдында бас иген. Батырды аттан, патшаны тақтан түсіріп амандастыратын ана ғана.
Ардақты жандарды құрметтеу мақсатында жақында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков көпбалалы аналар мен сан салада еңбек етіп жүрген әйелдер қауымын қабылдады. Оларды төл мерекесімен құттықтап, қоғамды түзетуде, ұлт тәрбиесінде ананың орны бөлек екенін атап айтты. Сондайақ жиында Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, көпбалалы аналарға 9 алтын, 18 күміс алқа табысталды. – Аналардың мерекесі – өмірдегі ең ізгі мейрамдардың бірі. Өйткені, ана – әрбір адам үшін ең аяулы, ең ардақты жан. Бар жылуын бала тәрбиесіне арнайтын да, отбасылық дәстүрді сақтайтын да аяулы аналарымыз бен асыл әжелеріміз. Сол себептен Аналар мерекесі – біздің барлығымыз үлкен қуанышпен қарсы алатын жақсы бір мерекеміз. Болашағын ойлаған ел, ең алдымен, әйелдерге құрмет көрсетеді. Бұл – өмірдің бұлжымас заңы, – деді өзінің құттықтау сөзінде аудан әкімі. Шараға аудандық мәслихат төрағасы Мұрат Тұрабаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил, қоғамдық кеңесінің төрағасы Қаблеш Бекішов, әйелдер кеңесінің төрайымы Нәйла Әбілқасымқызы, «Amanat» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова қатысып, барша көпбалалы ананы мерекемен құттықтады. Расында, жас ұрпақты имандылыққа баулып, олардың бойына мейірімділік, кішіпейілділік, адамдық ізгі қаситтерді сіңіріп тәрбиелеуде ақ жаулықты әжелердің, аналардың еңбегі зор. Сол әзиз аналардың ізін жалғастырған жаңа толқын мерекелік кеште сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. – Мереке қарсаңында аудан әкімінен «Күміс алқа» алғаныма қуаныштымын. Өзім 6 баланың анасымын. Жыл сайын мемлекет көпбалалы аналарға қолдау көрсетіп, қамқорлық танытып келеді. Алғысымыз шексіз, – деді Меруерт Болатқызы. Мерекелік кездесу ізгі тілектермен жалғасын тауып, өнерпаздар әннен шашу шашты. Сонымен қатар 2025 жылды Президент «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Осы ретте мереке аясында жұмысшы әйелдер де марапат биігінен көрініп, олардың ауданның дамуына қосқан еңбектері үшін арнайы құрмет көрсетілді. Өз кезегінде, аналар да аудан әкімдігіне алғыстарын айтты. Бұл тағылымды шара әйелге деген құрмет пен олардың қоғамдағы маңызды рөлін мойындаудың белгісі болып табылады. Ауданда әрбір әйелге, әсіресе көпбалалы аналар мен еңбекқор жұмысшы әйелдерге деген құрмет айрықша.

Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ,
Сурет Бақытжан БӘЙІМБЕТ
08 наурыз 2025 ж. 71 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (9285)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (9284)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (9283)

01 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31