Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ АРДАҚТАЛДЫ

АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ АРДАҚТАЛДЫ

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына – 35 жыл толуына орай, "Шиелі ауданының мәдениет және спорт бөлімінің "Нартай өнер үйі" және "Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-сі бірлесе отырып "Ел еңсесі ерлікпен" тақырыбында Ауған соғысы ардагерлерімен аудан жастарының кездесу жиыны өтті.
Кездесуге Ауған жерінде өздерінің азаматтық борышын өтеп, ерліктің озық үлгісін көрсете білген, ел ағалары Жайлаубаев Өркенбай Нагметұлы, Әбсаттар Қайрат Әбутәліпұлы, Смайл Дүйсенбек Махатұлы, Шамаханов Нұрғазы Әбуұлы қатысып, жастарға өздерінің өнегелі өмір жолдарынан ойларымен бөлісті.
Аудандық "Нартай" өнер мектебінің ұстаздары кездесуге келген қонақтар мен жастарға әннен шашу шашып, кеш көркін қыздырды.
Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Әріптестік бағытта, бірлесіп қызмет атқарған аудандық "Нартай" өнер мектебі ұжымына үлкен алғысымызды білдіреміз.

14 ақпан 2024 ж. 436 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031