Ерліктің үлгісі болып қала бермек
Ауғанстан жерінде 2238 күнге созылған қанды соғыс нәтижесінде КСРО-ның 14453-ке жуық әскері туған жеріне оралмады. Ал, бұл сұрапыл соғысқа қатысқан қазақстандықтардың саны 22000 адамды құраса, олардың 924 - і қаза тауып, 21 адам хабарсыз кетті. 1000-нан астам азамат туған топыраққа оралып, соғыста алған түрлі дене жарақаттарының кесірінен қаза тапты. Ал, Қызылорда облысы бойынша Ауған соғысына 827 азамат қатысса, оның 18-і бақилық болды. 30-дан астамын мүгедек етті. Шиелі өңірінен 50-ден астам жауынгер аттанған болса, 2 азамат қаза тапқан.
Жуырда Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына және Семейдегі атом полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай, аудандық мәдениет үйінде Ауған соғысының және Семей-Невада қозғалысының ардагерлерімен кездесу кеші өтті.
Шара барысында ардагерлер қаза болған қарулас достарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Мұнан соң, аудан әкімінің міндетін атқарушы Т.Жағыпбаров сахна төріне көтеріліп, ардагерлерге жылы лебізін білдірді. Ол, «Интернационалдық борышын өтеу жолында қапыда қаза болған жауынгерлердің және Семей полигоны зардабынан қаза болған жандардың жарқын бейнесі ұрпақ жадында жаңғырып, ерліктің үлгісі болып қала бермек», – деп сөзін тәмамдады. Сонымен қатар, майдан алаңында қайталанбас қайсарлықтың үлгісін көрсеткен жаужүрек азаматтарды құрмет грамоталарымен және Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай мерекелік төсбелгімен марапаттады.
Салтанатты кеш аудан өнерпаздарының әзірлеген концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Рухты көтеріп, жігеріңді қайрайтын әндер шырқалып, көзге жас алып келетін көріністер сомдалды. Ал, жиылған халық бұл кештен көп жайтты көңілге түйіп, тарқады.
Е.ДАТҚА.