Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аграрлық колледж ардагерлерді ардақтады

Аграрлық колледж ардагерлерді ардақтады


Сынаптай сырғып жатқан өмірде барымызды бағалап, қолымыздағыға шүкіршілік айтып, жоғымызға налымай, бір-бірімізге деген бауырмалдығымызды арттырсақ тіршіліктің мәні еселенбек. Әр жақсы істің арты қайырлы болады. сан мың сауаптың ұрпағыңа шарапаты тиеді. Елі үшін, жері үшін барын аямаған, жақсылық жасауға жасынан жаны құмар азаматтардың игі істері бүгінгі ұрпаққа үлгі, өнеге.Жуырда Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толғанына орай, ардагерлерге құрмет көрсетіліп, меркелік кеш өтті. Кештің мақсаты колледж студенттеріне париоттық сезім ұялатып, жас жеткіншектің ішкі жан дүниесі мен ой-санасын дамытып, сезімін қалыптастыру болатын. Патриотизм ананың құрсағынан даритын биологиялық құбылыс емес, бұл психологиялық құбылыс болғандықтан оны біртіндеп санаға сіңдіру арқылы жастарды тәрбиелеу керек. Колледж ұжымының ауған ардагерлерін жинаудағы мақсаты да осы болатын.
Дұшпанға қалқан, халыққа қорған болған соғыс ардагері, асыл азаматтарды мақтан тұтып, жастарға насихатталды. Сонымен қатар, жасөспірімдерге өздерінің көрген қиыншылықтарын, ұрыс даласында болған сәттерімен бөлісіп, жас ұрпақты достыққа, бауырмал болуға шақырды. Ел басына екіталай күн туған сәтте, білегінің күшімен, жүрегінің сұсымен қарсы тұра білетін қазақ сарбаздары қашанда алғы шептен табылатын. Кешегі ауған жеріндегі аумалы-төкпелі уақытта от пен оқтың ортасында қаншама қандастарымыз ерен ерлік көрсетті. Қаншамасы соғыс даласында қаза тапты. Бүгінгі бейбіт күнге аман жеткен соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіліп келеді. Өткенін білмейінше, келер күннің байыбына бару да мүмкін емес. Ерліктің өнегесін келер ұрпаққа насихаттап, ой салуына ықпал ету – басты парыз.
Жиында колледж директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Б.Таубайұлы жылы лебізін білдіріп, ауған соғысына қатысқан майдангерлердің өмірін, істерін үлгі етіп, ұрпақтан-ұрпаққа насихаттап жеткізу біздің парызымыз деп тілге тиек етті. Тіпті, ардагерлер арасында колледж студенттері отырғанын айтып, мақтанышын жасырмады. Ерлік – жан дүниенің ұлы қасиеті. Батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестерге ілтипат қашанда ерекше. Осы орайда, оқу орнындағы білім алушылар, әннен шашу шашып, көріністер көрсетіп, мерекелік шараны одан әрі қызықтай түсті.

Жұлдызай Ноғайбайқызы.
23 ақпан 2019 ж. 852 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031