Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Маусымның үшінші жексенбісінде елімізде Әкелер күні аталып өтті.
Осы мерекеге орай аудандық ардагерлер үйінде кеше Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жергілікті әйелдер кеңестері жұмысын дамыту және отбасы мен неке құндылықтарын насихаттау бағытында шараларды ұйымдастыру қызметі» әлеуметтік жобасы аясында отбасылық құндылықтарды насихаттау, әкелерді құрметтеу мақсатында «Әке –әркімнің сүйенер тіреуі» атты ардагерлер және жас әкелердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Шараны аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов жүргізіп отырды.
Жиында білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы М.Ақпанбетов қоғамдағы әкелердің ролі мен әке мен бала арасындағы байланыс, әкелер институтының қоғамдағы орны жайында баяндама жасады.
Қоғамдық кеңес мүшелері ардагерлер өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Шара соңында Отбасын қолдау орталығының мамандары әкелерге тренинг жүргізді.
18 маусым 2024 ж. 307 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930