«ҰЛТ БІРЛІГІ – ЕЛ ТҰТАСТЫҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СУРЕТ САЛУ БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Жуырда «Арман» мәдениет үйінде Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде "Қоғамдық бірлік пен тұрақтылықты қалыптастыру, этносаралық қатынастарды дамыту" әлеуметтік жобасы аясында «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау мақсатында сурет салуға құмар жасөспірімдер арасында «Ұлт бірлігі – ел тұтастығы» тақырыбында сурет салу байқауы ұйымдастырылды.
Сурет салу байқауына аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Найлә Палымбет, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаев және №252 Г.Н. Ковтунов атындағы мектеп-гимназиясының сурет пәнінің мұғалімі Ғабиден Нұрмаханов әділ-қазылық жасап, оқушылардың жұмыстарын бағалады.
Байқау нәтижесінде 1 орынды - №127 Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-лицейінің 4 сынып оқушысы Шатланбек Бегімсұлу иеленсе, 2 орынды - №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының 3 сынып оқушысы Әшімова Айгерім алды және 3 орынды - №181 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Жанерке Елтай қанжығасына байлады.
Барлық жеңімпаз иелеріне бағалы сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды.
Сонымен қатар, байқауға белсене қатысқаны үшін Кәусар Абдуғаппарға, Александр Кимге, Жанерке Әйтімге, Ұлзере Зинабдиноваға, Кәусар Қайратқызына, Нұрила Панабекке, Айсұлтан Мейірбекке Алғыс хат пен ынталандыру сыйлығы табысталды.