Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАСТАР ФОРУМЫ: ЖАҢА ЛЕП, ЖАҢА ТОЛҚЫН

ЖАСТАР ФОРУМЫ: ЖАҢА ЛЕП, ЖАҢА ТОЛҚЫН

Шиеліде Жастар ресурстық орталығы және «Салауатты өмір салтын насихаттау және жастар шығармашылығын дамыту» әлеуметтік қызметі жобасы аясында Жастар форумы өтті. Оны «Қызылорда облысының жастар одақтары» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Іс-шараны аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаев ашып берді. Әрмен қарай ол өз саласы бойынша айрықша үлес қосып жүрген 10 жасқа аудан әкімінің «Жыл үздігі – 2023» жас­тар сыйлығын табыстады. Атап айтсақ, «Үздік оқушы» номинациясымен №45 Ақ Орда мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Аяулым Мұханбетияр, «Үздік жас дәрігер» номинациясы бойынша аудандық көп бейінді орталық ауруханасының стоматолог дәрігері, жас маман Дәурен Кенжебек, ал «Үздік жас ұстаз» №49 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шыңғыс Құдайберген иеленсе, «Үздік жас спортшы» номинациясына дзюдо күресінен республикалық турнирдің күміс жүлдегері Ердәулет Абдумуталапов алды. «Үздік жас журналист» номинациясын аудандық «Өскен Өңір» газетінің тілшісі Айнұр Ибрашева және «Үздік жас кәсіпкер» «Омар торт» кондитерлік өнім дүкенінің басшысы Гүлзия Мұратбекқызы, «Үздік жастар көшбасшысы» №252 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, волонтер Азамат Қалиға берілді. Ал «Үздік мәдениет қызметкері» болып Шиелі кенті әкімі аппаратының «Арман» мәдениет үйі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының маманы Аякөз Қылышбаева және «Үздік жас волонтер» номинациясымен Шиелі «Біз біргеміз» қайырымдылық қорының жетекшісі Жасұлан Рысбек марапатталды.
Жалынды жастарға қаржылай сыйақы, сертификат, диплом және статуэтка табыс­талды.

Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ
21 желтоқсан 2023 ж. 133 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (9237)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (9236)

10 қыркүйек 2024 ж.

№71 (9235)

07 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30