Жартылай финал: көңілді жайдарманшылар
Жуырда Жастар ресурстық орталығының тапсырысымен «Салауатты өмір салтын насихаттау және жастар шығармашылығын дамыту» әлеуметтік жобасы аясында жартылай финалдық сайыс өтті.
Жайдарман ойыны – жастар арасындағы әзілден құралған өнер түрі. Қоғамдағы әр түрлі жағдайларды әзіл арқылы жеткізу әрбір адамның қолынан келе бермейтіні анық. Сондықтан жастарды қолдау мақсатында осындай іс-шаралардың көп болуы қуантады. Ауданның талантты жастары да қоғамның мәдени және саяси-әлеуметтік дамуына үлесін қосуда.

Сайысқа 8 команда қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Нәтижесінде, финалдық жарысқа кіл мықтылар жолдама алды. Атап айтсақ, №252 Г.Н.Ковтунов атындағы мектеп-гимназиясының «Ковтунов», №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейінің «Элита», №214 орта мектебінің «Тел сұлулары», №127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицейінің «Жиза», №181 жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің «Алмалы қыздары», №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінің «47 қырандары» командалары бақ сынады.
Тартысты өткен жайдарманда үздік әзіл номинациясымен №127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицейінің «Жиза» командасы және үздік ойыншы атауымен №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейінің «Элита» командасының мүшесі Кәмшат Табиғатқызы марапат төрінен көрінді. Сондай-ақ үздік жетекші номинациясымен №214 орта мектебінің «Тел сұлулары» құрамасының жетекшісі Мөлдір Әжік иеленді.
Айнұр ИБРАШЕВА