Біз өнерлі баламыз
2021 жылдың 12 ақпан күні аудандық «Оқушылар үйінің» ұйымдастыруымен Ы.Жақаев ауылдық мәдениет үйінде аудандық мектеп оқушылары арасында «Біз өнерлі баламыз» атты байқауы өтті. Дарынды балалардың бойындағы қасиетті шыңдау мақсатында өткен байқау қолөнер мен сурет салу өнерпаздардың шығармашылық дамуына әсер етіп, қабілетінің арта түсуіне көмектеседі. Балалардың шығармашылық қабілеті мен талантын анықтауға 40 минут уақыт берілді. Осы уақыт ішінде балалар өз туындысын дайындап, ерекшелігімен көрінуі тиіс. Осындай байқаулардың арқасында балалар уақытын бос кетірмей, пайдалы іспен айналысып, саусақтары бейімделіп, ойы ұшқырлана түседі.
Байқау барысында оқушылардың қолдарынан шыққан шығармашылық туындылары әсем көрмеге айналды. Бүлдіршіндердің жасаған туындысы емес, белгілі ісмер адамның қолынан шыққан дүние дерсіз. Бірі биссермен табиғатты бейнелесе, бірі тоқымадан түрлі қуыршақ тоқыған. Тіпті киіз үй жасауларының бірі алаша, үзік бау, белбеу, басқұрды бүлдіршін нақышына келтіріп, ой-өрнекпен, түрлі түсті жіппен әсемдеген.
Байқаудың қорытындысында «Сурет салу» номинациясы бойынша оқушылар үйінің Кубогі – бас жүлде №149 орта мектептің 5 сынып оқушысы Диана Әбдіразақ, І орын №49 орта мектептің 6 сынып оқушысы Аружан Жұмабек, ІІ орын №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназияның 5 сынып оқушысы Раяна Жағыппар, №244 орта мектептің 5 сынып оқушысы Әсем Бекенова, ІІІ орын №47 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Камила Мұсаханова, №148 орта мектептің 6 сынып оқушысы Жансая Серікбай, оқушылар үйінің «Жас суретші» үйірмесінің мүшесі Іңкәр Сайлау алды. Ал келесі «Қолөнер» номинациясы бойынша оқушылар үйінің Кубогі – бас жүлдені №244 орта мектептің 5 сынып оқушысы Күмісай Құрманай, І орын №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназияның 8 сынып оқушысы Балнұр Маликова, ІІ орын оқушылар үйінің «Шебер қолдар» үйірмесінің мүшесі Жарқынай Бақытбекқызы, ІІІ орын №46 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Жаннұр Жалғас, №127 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Гүлсезім Қайратова иеленді. Сонымен қатар байқауға қатысқан басқа да балалар оқушылар үйінің алғыс хатымен марапатталды.
Ақбота Баянбай