Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалардың жұлдызы жанған сәт

Балалардың жұлдызы жанған сәт


Бүгіндері ауданда жастарды қолдап, олардың талантын шыңдау мақсатында көптеген жобалар, сайыстар, байқаулар ұйымдастырылып жүр. Сондай шараның бірі – №156 Н.Бекежанов атындағы қазақ орта мектебінде бастауыш сынып оқушылары арасында «Жұлдызды сәт – 2019» ән-би және мәнерлеп оқу байқауымен жалғасты.

Салтанатты шараны мектеп директоры М.Пернеев құттықтау сөзімен ашып, ізгі тілегін жеткізді. Қатысушы өрендерге сәттілік тілеп, биіктерден көріне беруін жеткізді. Байқаудың мақсаты – балалардың өнерге деген қызығушылықтарын арттырып, шығармашылық қабілетін дамытып, дарынды балаларды қолдап, мектептегі өнерлі оқушыларды анықтау еді. Тілегі мен жүрегі бір мектеп оқушылары байқау барысында өнерлерін ортаға салды. Е.Сатанов пен Б.Құлахметованың мұрындық болуымен өткен шара көңілді де қызықты өтті. Байқауға келген ата-аналар, көрермендер, балалар өз ризашылықтарын білдіріп мерекелік көңіл-күйде қайтты. Сайысқа қатысқан барлық үміткерлер мен жеңімпаздарға мақтау қағазы мен сыйлықтар табысталды.

Ж.Қауғанбаева.
16 ақпан 2019 ж. 2 488 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (9330)

23 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930