Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдау жолымен білім биігіне

Жолдау жолымен білім биігіне


аудандық мәдениет үйінде білім қызметерлері арасында «Жолдау жолымен білім биігіне» тақырыбында үгіт-насихат бригадаларының ақтық байқауы өтті. Мерекелік іс-шараны аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов құттықтау сөзімен ашып, ауданда болып жатқан игі іс-шараларға тоқталды.
Байқаудың мақсаты – «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Жолдауын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын аудан ұстаздары арасында кеңінен насихаттау. Мектептегі белсенді жастардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, оған тың серпін туғызу. Кәсіподақ ұйымының белсенді көзқарасын, бағытын айқындау. Аудандық байқауға осыған дейін аймақтық сайыстарда жақсы өнер көрсеткен аудандағы 10 мектептің үгіт-насихат бригадалары іріктеліп алынды. Үгіт-насихат бригадалары ақтық байқауға жоғары дәрежеде дайындалып, өздерінің сценарийін құруда ертегі, пьеса, мюзикл, әдеби шығармалар желісіне сүйене отырып, танымал әуендерді, хореографиялық, вокалды, театрландырылған қойылымдарды пайдаланды. Елбасының Жолдауында көрсетілген 10 басым бағытқа және халықтың жағдайын жақсарту мақсатында ұсынған 5 бастамасына баса назар аударып, жалпы өзіміздің ауданда, білім беру ұйымдарында жасалып жатқан жағымды жаңалықтарды насихаттап, дәріптеді.
Байқау нәтижесі бойынша «Үздік сценарий» номинациясымен № 41 мектеп, «Үздік насихаттаушы» номинациясымен №158 мектеп, «Үздік РR топ» номинациясымен №150 мектеп, «Үздік әуенді ұжым» номинациясымен №47 мектеп және «Шығармашыл топ» номинациясымен №50 мектептер марапатталды. Ал «Ең үздік үгіт бригада» номинациясын иеленген №48 мектеп облыстық байқауға жолдама алды.

Қалжан Тұрсынова,
№158 орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі, бастауыш кәсіподақ комитетінің төрайымы.
01 сәуір 2018 ж. 2 289 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930