Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырлы өнердің сырына бойлап

Сырлы өнердің сырына бойлап



Өнер – әсемдіктің ең жоғарғы түрі, өйткені ол табиғаттың әсемдігін де, адам еңбегімен жасалған заттардың әсемдігін де, сол адамның ұлылығы мен сұлулығын да, оның ой-арманын да өз бойына жинақтап, жан-жақты бейнелей алады. Қолөнер – өресі биік, өрісі кең өнер.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық 3 әдістемелік аймақтың ұйымдастыруымен балабақша тәрбиеленушілері арасында «Қолөнер – сырлы өнер» тақырыбымен шығармашылық байқау өтті.
Мақсатұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнерімізге деген бүлдіршіндердің  қызғушылығын, қабілетін, шеберлігін арттыру болды. Байқау шарттары бойынша бірінші бөлімде қатысушының жоғарыда аталған бағдарлама аясында жасалған үздік туындысы көрмеге қойылуы тиіс болса, екінші бөлімде белгілі бір тақырыпта сол мезетте аппликация, мүсін немесе сурет салып, қазыларға ұсыну тапсырылды.
Шара барысында әндер шырқалып, мың бұрала би де биленді. Ата-аналар мен сайысқа қатысушылар өнерлі балалардың өнеріне қанықты.
Байқау барысында қазылар алқасы бірінен бірі өткен қолөнер бұйымдарына тамсанды. Дегенмен, сайыстың жеңімпазадрын анықтауға тура келді. Қорытындысында, 16 үміткердің ішінен суырылып шықан №2 «Балбөбек» бөбекжайының тәрбиеленушісі Айзере Әзиз бас жүлдені жеңіп алса, 1 орынды «Шұғыла 2» жеке бала бақшасының намысын қорғаған Аидай Атақан иемденді. Ал, 2 орынды «Жанель» және «Шұғыла 1» жеке бала бақшасының тәрбиеленушілері Айлин Нұрмұхамедқызы мен Мирас Азатов өзара бөлісті. Жүлделі 3 орындарды «Гүлсезім» жеке бала бақшасынан келген Айару Махсұтбек пен «Аяулым» жеке бала бақшасынан келген Элдар Жұпарбек қанжығаларына байлады.
Сөйтіп, өнерлерімен көпті тамсандырған балалар көңілдері күпті қалпында тарқасты.
Дина Әбіласан
05 сәуір 2018 ж. 1 337 0